ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНІҢ БАСЫЛЫМДАРЫ
Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1930−1935 жж.
Жинаққа Қазақстанда жүргізілген «байларды тап ретінде жою» науқанының бір бөлігі – ұжымдастыру кезеңіндегі азаматтарды күштеп қоныстандыру жөніндегі құжаттар енгізілді. Ауыл халқының тағдыры туралы жалпыодақтық және республикалық деңгейлерде шешімдер қабылдау процесі және оларды іске асыру тәсілдері көрсетілген. Орталық және республикалық партиялық және кеңестік органдардың қаулыларынан, бағыныстылығы әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың хаттамаларынан басқа, жинаққа ОГПУ-дың аса маңызды бұйрықтары, жиынтық мәліметтері мен анықтамалары, Қазөлкеком, Орталық Атқару Комитеті және КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі өкілдерінің инспекциялық сапарларының нәтижелері туралы есептері, Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысын басу туралы ЖШҚА-сының бөлімдері қолбасшылығының баянаттары, қоныстану орындарында қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың жағдайы туралы жиынтық мәліметтері мен анықтамалар енгізілген. Жинақтың құжаттары «арнайы қоныстандыру» тәртібінің қалыптасуы және арнайы қоныс аударушылардың еңбек және өмір жағдайлары туралы баяндайды.
Скачать документ
Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1935−1939 жж.
Жинақта 1935–1939 жж. финн, поляк, неміс, күрд, армян түрік, кәріс, ирандықтарды күштеп көшіру туралы, яғни, ғылыми әдебиетте әлеуметтік-этникалық және этникалық жер аударулар туралы құжаттар жарияланады. Оқырман арнайы қоныс аударушыларды қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын, оларды қоныстандыру, республиканың шаруашылық өміріне тарту туралы таныса алады. Жинақ арнайы қоныс аударушылардың еңбек және тұрмыс жағдайлары, мәдени-тұрмыстық дәстүрлерімен, конфессионалдық тиесілілігімен, тілімен ерекшеленетін адамдардың едәуір тобының қысқа мерзімде қоныстануы салдарынан республикада туындаған проблемалар туралы баяндайды. КСРО басшылығының орыстандыруға әкелген ұлттық саясатындағы өзгерістерді сипаттайтын құжаттар дербес тарауда көрсетілген.
Скачать документ
Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1939−1945 жж.
Жинақта 1939–1945 жж. поляк, неміс, финн, грек, италиялық, қалмақ, қарашай, шешен, ингуш, балқар, қырым татарлары, түрік, күрдтер мен армяндардың Қазақстанға күштеп қоныс аударуы туралы құжаттар мен естеліктер жарияланып отыр. Басылымда халықтардың күштеп қоныс аударылуы науқандарын заңдастырған құжаттармен қатар, Республика басшылығының көптеген халықтардың өздеріне жат географиялық, тілдік, конфессионалдық ортада орналасуы бойынша атқарған жұмыстарын растайтын нұсқаулар, есептер, анықтамалар мен хаттар ұсынылады. Кітапта көпшілік назарына ұсынылып отырған мəліметтер Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс елдегі барлық халықтардың, оның ішінде билік тарапынан азаматтық құқықтарынан айырылған, əскери қызметі бағалаусыз қалған, қасақана түрде ауыр еңбекке жегілген жəне өмір тауқыметін тартқан халықтардың да күш-жігерімен келгенін растайды. Жинақтағы «ауызша тарих» топтамасының құжаттары мен материалдары арқылы тоталитарлық тəртіптің саясатына қарамастан, билік тарапынан қоғамдық құрылымды қайта бөлудің əкімшілдік оңай əрі қарапайым жолы – саналы түрде жəне күшпен, мəдени тұрғыда бір-бірінен ерекше этникалық топтарды азаматтық біріктіру мақсатында емес, халық сирек қоныстанған территорияларды игеру үшін араластыруына қарамастан, Қазақстанда өзара толерантты қарым-қатынастың іргесі қаланып, жергілікті халық пен əр ұлт өкілдерінен тұратын күштеп қоныс аударылған халықтардың арасында достық ахуал мен өзара əрекеттестік мəдениеті қалыптасқанына көз жеткіземіз. Басылым кеңейтілген ғылыми-анықтамалық аппаратпен толықтырылған, ХХ ғ. тарихының проблемалары бойынша мамандарға, деректанушыларға және зерттеушілерге бағытталған. ХХ ғ. тарихының проблемалары бойынша мамандарға, деректанушыларға және зерттеушілерге бағытталған. Жарияланатын архивтік құжаттар кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихына қызығушылық танытқандардың барлық оқырмандарға ұсынылады.
Скачать документ
Депортация тарихынан. Қазақстан 1945-1959 жж. (электрондық формат)
Сіздердің қолдарыңызда 1930-1950 жж. Қазақстанға жер аударылу тарихынан сыр шертетін деректі жинақтар топтамасының соңғы кітабы – бұл арнайы қоныс аударылушылардың саяси адалдығын қамтамасыз етуге және оларды мәжбүрлеп қоныстандыру орындарына бейімдеуге, содан кейін толыққанды азаматтардың бірлескен қоғамына біртіндеп кіруіне бағытталған биліктің іс-әрекеттеріне назар аудартатын құжаттар мен естеліктерді жариялау жөніндегі гуманитарлық, қоғамдық маңызы бар жоба. Басылымда соғыстан кейін Беларус, Грузия, Тәжік, Украин Кеңестік Социалистік Респуликаларына (КСР) мәжбүрлеп жер аударылғандар туралы, 1943-1944 жж. Неміс үкіметінің жергілікті кеңестік азаматтарды – этникалық немістерді Германияның қарамағындағы Польша, Германия аумағына немесе Чехославакияның іргелес аймақтарына әкімшілік түрде қайтаруы туралы, оларды шаруашылық-тұрмыстық орналасуы және Қазақстанға бейімделуі туралы деректер жарияланып отыр. Арнайы қоныс аударылу жағдайындағы өмірі, жер аударылғандардың еңбекке мәжбүрлеу және кезең-кезеңмен олардың босатылуы туралы құжаттар тобы ұсынылған. Естеліктер бөліміне 1980–1990 жылдардың соңында жарияланған республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдар енген. Бұл материалдарда оқиғалардың куәгерлері, олардың туыстары мен журналистер депортациялау саясатының құрбаны болған отбасылар мен халықтардың қайғылы тағдырын баяндайды; сондай-ақ жоба үшін арнайы жазылған естеліктер; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің архивтерінде және оның аумақтық бөлімшелерінде сақталған, кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне сақтауға тапсырылған арнайы қоныстанушылардың жеке іс қағаздарынан алынған өмірбаяндар қамтылған. Басылымда алғаш рет әлемге танымал археолог В. Зайберттің (отбасы 1941 жылы Еділ бойындағы Неміс Республикасынан Солтүстік Қазақстанға жер аударылған) әпкесінің қолтаңба-әңгімесі, «Қазақстандағы ең танымал грек» атанған эстрада әншісі Л. Кесоглудың (отбасы Грузиядан Оңтүстік Қазақстанға жер аударылған) естелігі, кейіннен Шешен Ғылым академиясының тұңғыш президенті болған, (мектеп оқушысы кезінде Қызылорда облысындағы арнайы қоныстану режимінде өмір сүрген) Х. Ибрагимовтің хаты және тағы басқа көптеген деректер алғаш рет жарық көріп отыр. Бұл томда алғаш рет жаппай қоныс аударылған халықты бұрынғы жерлеріне қайтару мәселесі көрініс тапқан. Ұлттық архив қорының құжаттары Қазақстан өз жерінде көптеген халықтарды біріктіріп, кейін қуғын-сүргінге ұшырағандардың көпшілігі үшін екінші Отанына айналған кезеңнің қасіретті беттерін айғақтайды. Жинақталған және жарияланған құжаттық топтамалар өткеннен сабақ алуға, КСРО халқы бастан откерген қайғылы оқиғалардың себептерін талдауға, ата-бабаларымыздың өмір сүру жолындағы бірегей тәжірибесін түсінуге және оларға терең құрмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Скачать документ
ОРГАНИЗАЦИЯ АРХИВНОГО ДЕЛА В КАЗАХСТАНЕ: ПРАКТИКИ, ПРОБЛЕМЫ, ИННОВАЦИИ
Скачать документ
АРХИВШІЛЕР МЕН ҚҰЖАТТАНУШЫЛАРДЫ КӘСІБИ ТҰРҒЫДАН ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: отандық және шетелдік тәжірибелер (1991–2021 жж.) 1-БӚЛІМ
Скачать документ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӚЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ Талдамалық материалдар жинағы
Скачать документ
МЕМЛЕКЕТТІК, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОЛЫҚ АРХИВТЕРДІҢ ҚҦЖАТТАРДЫ ЖИНАҚТАУ, САҚТАУ, ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҦҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР жинағы
Скачать документ
История Казахстана. Документы и материалы (1917–2012)
Скачать документ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ОРГАНДАРЫ (1991–2024 жж.)
Скачать документ