Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры
+7 (7172) 573677
Мұстафина Әлия Құсайынқызы
2022 жылғы 18 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Мұстафина Әлия Хұсайынқызы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды, ал 2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай құрамына кіреді. Әлия Хұсайынқызы бірнеше мамандық бойынша жоғары білімге ие. Ол А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Еуразиялық гуманитарлық институтты және Қаржы академиясын тәмамдаған. Тарих ғылымдарының кандидаты (тақырыбы: «Қазақстан архивтерін ақпараттандыру тарихы (1991–2020 жж.)», Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Мәскеу қ., 2023 ж.). Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Архивтер мен құжаттаманы басқару комитетінде жетекші маман болып бастаған. 2004–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және архивтер комитетінде бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2008–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінде Әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2012–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Персоналды басқару қызметін басқарды, ал 2014–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаментін басқарды. 2018 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары болып жұмыс істеді, ал 2022 жылғы ақпаннан бастап осы мекемені басқарады. 2020 жылдан бастап Әлия Хұсайынқызы Марибор және Триест қалаларындағы Халықаралық архивтану институты (IIAS) Ассамблеясының мүшесі болып табылады, 2025 жылғы наурыздан бастап Халықаралық архивтер кеңесі (ICA) шығаратын «Comma» журналының редакциялық алқасының мүшесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің «Жаңа Архив» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы. Әлия Хұсайынқызы – «Қазақстандағы архив ісінің тарихы мен ұйымдастырылуы бойынша очерктер (1991–1997 жж.)» кітабының тең авторы, архивтану және құжаттану бойынша 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл» медальдарымен, сондай-ақ «Құрмет» орденімен наградталған.
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+7 (7172) 573613
Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы
2025 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының бұйрығымен ҚР Президенті Кеңсесінің Басшысымен келісіліп Қайрат Шәкәрімұлы Әлімғазинов Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасары болып тағайындалды. Қ.Ш. Әлімғазинов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің 1996 жылғы түлегі. 1996–1999 жылдары «Тарих» мамандығы бойынша күндізгі аспирантурада оқыды. 2001 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Онда алғаш рет күрделі тарихи мәтіндерді зерттеу үшін тарихи процестерді сандық талдау және модельдеу әдістерін (Кендалл мен Спирманның рангілік корреляция коэффициенттері) қолданды. 2010 жылы «Электрондық тарихи дереккөз: теориялық-әдіснамалық аспектілері мен деректанулық талдау технологиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Қайрат Шәкәрімұлы – академиялық бес томдық «Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» басылымының, ғылыми монографиялардың, тарихнамалық және әдіснамалық очерктердің, анықтамалық-әдістемелік және ғылыми-көпшілік басылымдардың, сондай-ақ архивтану мен археография бойынша зерттеулердің авторы. Ол Ұлттық тарихты зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Тарих және компьютер» халықаралық қауымдастығының мүшесі. 2017 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің IVLP халықаралық көшбасшылық бағдарламасының түлегі. 2000–2013 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, Абай атындағы ҚазҰПУ сияқты жоғары оқу орындарында сабақ беріп, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистентінен доцентіне дейінгі жолдан өтті. 2009 жылдан бастап «Делопроизводство» ақпараттық-сараптамалық басылымның бас редакторы, тарих, архивтану және құжаттану бойынша жетекші ғылыми журналдардың редакция алқасының мүшесі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрағат ісі және құжаттама мәселелері жөніндегі Әдістемелік кеңесінің, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ Диссертациялық кеңесінің құрамына кіреді. 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде бас сарапшы, бөлім басшысы, бас ғылыми қызметкер және Орталық басшысы лауазымдарын атқарды. Қазіргі уақытта ол Архив қорларын ұйымдастыру және сараптау қызметінің, Ғылыми және қолданбалы зерттеулер орталығының, сондай-ақ Цифрлық технологиялар және инновациялар қызметінің жұмысын үйлестіреді.
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+7 (7172) 573604
Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы
2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының бұйрығымен, ҚР Президенті Кеңсесінің Басшысымен келісу негізінде Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары болып тағайындалды. А.Н. Нұрмаханов – Алматы педагогикалық шет тілдері институтының түлегі. Филология ғылымдарының кандидаты (1994), доцент (1998). 1995–2000 жылдары дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанып, 2000 жылы жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты болды. 1991–2001 жылдары Алматы педагогикалық шет тілдері институтында, кейін Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі және халықаралық қатынастар факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2001–2003 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінің директоры болды. 2004–2012 және 2014–2026 жылдары жетекші шетелдік компанияларда корпоративтік қатынастар саласында басшылық қызметтер атқарды. 2012–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2013–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды. А.Н. Нұрмаханов – бір монографияның, екі сөздіктің және Қазақстан мен шетелде жарық көрген 30-дан астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың авторы. Қазіргі уақытта Архив ақпаратын ұсыну қызметінің, Білім беру жобалары және халықаралық ынтымақтастық орталығының, сондай-ақ Баспасөз қызметінің жұмысын үйлестіреді.
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+ 7 (7172) 573646
Шайлазымов Бақытхан Жолдыбайұлы
2023 жылы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының бұйрығымен Бахытхан Джалдыбаевич Шайлазымов Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары болып тағайындалды. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді (2002), заңгер біліктілігін алды. Сол жылы университеттің әскери кафедрасында оқуды аяқтап, Қазақстан Республикасы запастағы лейтенанты атағын алды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің IVLP халықаралық көшбасшылық бағдарламасының түлегі (2017). Корея Ұлттық архиві RAMP NAK халықаралық жазбалар мен архивтерді басқару бағдарламасының түлегі (2019). 2025 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автокөлік және жол институтының «кәсіпорын экономикасы» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Еңбек жолын 2002 жылы «Special Eurasian Deliveries» ЖШС-нің заңгері болып бастады. 2004 жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бас маман-заңгер болып жұмыс істеді. 2006 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш агенттігінің «Байтерек» акционерлік қоғамының бас директорының көмекшісі болып тағайындалды. 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары индустриялық-инновациялық даму бөлімін басқарды, содан кейін Алматы қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы заңдық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімін басқарды. Президент архивінде өз қызметін 2009 жылы құжаттарды пайдалану басқармасының сарапшысы лауазымында бастады. 2011-2013 жылдары архивтік технологиялар басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді, 2013 жылдан 2022 жылға дейін осы басқарманы басқарды. 2022-2023 жылдары инженерлік-пайдалану қызметінің басшысы лауазымын атқарды. Бүгінгі күні оның жауапкершілік аумағына Сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу қызметі, Қаржы, бухгалтерлік есепке алу және мемлекеттік сатып алу қызметі, сондай-ақ Құжаттамалық сүйемелдеу және персоналды басқару қызметі кіреді.
ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары
+ 7 (7272) 645802
Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы
2025 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының бұйрығына сәйкес Жәмилә Үсіпжанқызы Әбдіқадырова директордың орынбасары - Алматы қаласындағы филиал директоры болып тағайындалды «Тұран» университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Сымбат» сән академиясы» АҚ кадрлар бөлімінің инспекторы қызметінен бастады. 2000–2003 жылдары Алматы қаласының № 39 орта мектебінде хатшы-іс жүргізуші қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап оның кәсіби қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен байланысты. Мұнда 2013 жылға дейін ол маман, жетекші маман, бас маманнан бастап Жинақтау және құжаттама бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Одан әрі Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы (2013–2014), Архив қорларының мемлекеттік есебінің сақталуын қамтамасыз ету басқармасының басшысы (2014–2015), директордың орынбасары лауазымдарын атқарды (2015–2018). 2018 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры қызметін атқарды. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы Архив филиалының қызметіне басшылық етеді.