АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Мектептік оқу-зерттеу жобаларының байқауы
«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында»
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларымен бірлесіп, «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жобаларының конкурсын жариялайды
Конкурстың мақсаты – архивтік және деректік көздер негізінде отбасы тарихын зерделеу арқылы оқушылардың зияткерлік және тұлғалық дамуына ықпал ету, өз отбасы тарихын ұлттық тарих контексінде пайымдау арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қызығушылығын арттыру.
Конкурсқа ғылыми жетекшісінің басшылығымен мектептік оқу-зерттеу жобаларын әзірлеген Астана және Алматы қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11-сынып оқушылары қатыса алады.
Жобаның жетекшісі Конкурсқа қатысушы тікелей білім алатын жалпы білім беретін мектептің мұғалімі ғана бола алады.
Конкурсқа келесі тақырыптық бағыттар бойынша жобалар ұсынылуы мүмкін:
1) Менің отбасымның өмірбаяны – ел тарихында;
2) Отбасылық архив – шежіренің кілті;
3) Адам тағдырының қасіреті;
4) Менің отбасымның тарихындағы Екінші дүниежүзілік соғыс;
5) Менің отбасым еңбек даңқы тарихында;
6) Менің отбасым қала тарихында;
7) Менің отбасылық жәдігерім;
8) Менің отбасымның Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру мерзімі – 2025 жылғы 10 қазанға дейін
(Астана қаласы үшін – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf-eJa4fFcRjoD4dG3LP1fDzI3MV_qcMbXYs6kKrzbDaQqbVQ/viewform?usp=dialog,
Алматы қаласы үшін – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScU0Y7_Qpsi7OgcPkCfUnzUN_iOCMuizE6fzthy4ZGo03-_OA/viewform).
Конкурс жобаларын 2025 жылғы 15 қарашаға дейін umc.aprk@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет (хаттың тақырыбында міндетті түрде қатысушының ТАЖ, қаласы, мектебінің нөмірі/атауы көрсетілуі тиіс.)
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Конкурсқа ұсынылған жобалар арнайы құрылған Конкурстық комиссия тарапынан бағаланады.
Конкурстық комиссияның жобаларды қарауы 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін өткізіледі.
Жобалары 60 балдан жоғары жинаған Конкурс қатысушылары Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Конкурстық комиссия алдында жобаларды қорытынды қорғауға шақырылады.
Конкурстық комиссия жобалардың қорытынды қорғауын бағалап, жеңімпаздарды 2025 жылғы 11 желтоқсанда анықтайды.
Конкурс нәтижелері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
Анықтама үшін телефондар: +7 (717) 257 36 75, +7 701 588 2868 (Мира Куликпаева), +7 701 961 9916 (Бакша Аширбекова).