Мектеп оқушыларына арналған «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» конкурсы

«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектеп оқушыларына арналған байқауына Алматы қаласы жалпы білім беру мектептерінің 6-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстарды бағалап, жеңімпаздарды анықтады.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлестікте «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының байқауын өткізіп келеді.
Байқаудың мақсаты – жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуы, олардың тарихты оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық тарихқа қатысты деректі дереккөздерді, туған жер, отбасы туралы деректі дереккөздерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады.

Келесі байқауға қатысу үшін ақпарат қосымша жарияланады.
Жұмыстар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
1. Отбасылық архив – шежіре кілті
2. Адам тағдырының қасіреті
3. Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы
4. Менің отбасым еңбек даңқы тарихында
5. Менің отбасым қала тарихында
6  Отбасы – дәстүр сақтаушысы
7. Менің отбасымның Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Ақпарат Архивтің ресми сайты мен Facebook парақшасында жарияланды .

«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында»
мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары және оқушыларымен өзара әрекеттестігіне бағытталған мәдени-танымдық жоба болып табылады.
Конкурстың мақсаты:
1) озық әлемдік тәжірибеге, заманауи инновацияларға сәйкес жалпыадамзаттық, мәдени және ұлттық құндылықтарға, салт-дәстүрлерге, ұлттық бірегейлікке, азаматтыққа, отансүйгіштікке, менталды  ерекшеліктерге негізделген жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
2) жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, отандық тарих, туған жер, өздерінің отбасы тарихы бойынша құжаттық деректерді зерттеу мен сақтауға тарту;
3) өскелең ұрпақтың білім берудің жаңа идеологиясымен айқындалатын қазіргі дүниетанымдық ұстанымдардан өмір мен мәдениеттің материалдық және рухани құбылыстарына құндылық көзқарасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау арқылы азаматтық қоғамның қалыптасуындағы отандық архивтердің қызметін ұйымдастыру. 
Конкурстың міндеттері:
1) оқушылардың тарихи құбылыстар мен процестерді тануға деген шығармашылық қызығушылығын құжаттық деректер, музей жәдігерлері, ғылыми және оқу әдебиеттері, заманауи телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер негізінде ынталандыру;
2) тарих, архив ісі және іс қағаздарын жүргізу саласында оқуын жалғастыруға ынталы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
3) Қазақстанның тарихы-құжаттық мұрасын зерделеу негiзiнде патриоттық тәрбие беруді дамыту;
4) жастардың бос уақытын шығармашылдық мақсатта пайдалануға деген ынтасын, шығармашылдық пен ғылыми қызметке деген құштарлығын ояту; архивтік жинақтарды және музей қорларын, жеке және отбасылық архивтерді қалыптастыру және толықтыру ниеттерін ояту;
5) өскелең ұрпақтың білім мен өзін-өзі жетілдіруге, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатысуға деген ұмтылысын қалыптастыру. 
Конкурста архивтік құжаттарды және басқа да тарихи деректерді пайдалану негізінде дайындалған жалпы білім беру мектептері оқушыларының оқу-зерттеу жұмыстары қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында оқушы зерттеудің пәндік-тақырыптық саласының тарихымен және қазіргі жағдайымен танысады, өзіндік мәліметтер алады, алынған ақпаратты талдайды және қорытындылайды, Конкурсты өткізу ережесіне сәйкес зерттеу нәтижелерін рәсімдейді.
2. Конкурстың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары
Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві болып табылады; Конкурстың тең құрылтайшысы ретінде жергілікті атқарушы органдар, ғылыми-зерттеу, білім беру және архив мекемелері қатыса алады. 
Жұмыстар оқушылар және олардың оқытушылары, сонымен қатар жеке бастамалық негізде қабылданады.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін Қонкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия жолданған жұмыстармен танысып, жеңімпаздарды анықтайды. 
3. Конкурсқа қатысушылар
Конкурсқа жалпы білім беру мектептерінен ниет білдірген 6–11 сынып оқушыларының барлығы қатыса алады.
4. Байқаудың тақырыптық мазмұны
Конкурсқа архив құжаттарын, ауызша тарих және ғылыми-зерттеу әдебиеттерін пайдалану негізінде және өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылған тарихи тақырыптағы жұмыстар қабылданады. Презентация түрінде жасалған жұмыстар Конкурсқа қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардағы тарихи зерттеу тақырыбы шектелмейді.
5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Конкурсқа қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.
Конкурсқа жеке зерттеушілер, сондай-ақ авторлық ұжымдар (үш автордан көп емес) қатысады. Екі немесе үш автордың жұмысын ұсынғанда кіріспеде олардың әрқайсысының материалды жинау, өңдеу және сипаттау кезеңдеріне қатысу дәрежесін көрсету қажет.
Оқушының оқу-зерттеу жұмысына мыналар кіреді: титулдық бет, онда мыналар көрсетіледі:
- автор оқитын оқу орнының атауы;
- Т.А.Ә., автор(-лар)дың туған жылы, сыныбы;
- жұмыс тақырыбы;
- Т.А.Ә. жұмыс жетекшісі мен кеңесшілері (егер болса);
- жұмыс авторы мен ғылыми жетекшілерінің электронды поштасының мекенжайы, телефондары.
Жұмыстар электронды форматта ұсынылады, қаріп өлшемі 14. Жұмыстың көлемі (негізгі мәтін, қосымшасыз және түсіндірмесіз) машинада басылған 15 беттен аспауы керек; қосымшалар – негізгі мәтіннен және ескертулерден кейін 3 парақтан аспайды (барлығы бір файлда). Жұмыс мәтіні және қосымшалар беттері нөмірленуі керек.
Архив құжаттарын зерттеуге негізделмеген жұмыстар қарауға қабылданбайды, сонымен қатар презентация түрінде жасалған жұмыстар да қабылданбайды.
Конкурсты өткізу шарттары, оның ішінде хабарландыру, байқаулық жұмыстарды қабылдау және жеңімпаздарды анықтау мерзімі Конкурсты ұйымдастырушылардың ақпараттық хатында, сондай-ақ http://archive.president.kz/ru сайтында және Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің әлеуметтік желілерінде көрсетілген.
Конкурсты ұйымдастырушылардың электрондық поштасының мекенжайы: umc.aprk@gmail.com.
Байланыс телефондары: +7 (727) 262 21 72, +7 777 723 0307.
6. Қорытындылау
Қорытындыларды Конкурс комиссиясы шығарады.
Жұмысты бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
1) жұмыстың құрылымы;
2) тарихнамалық шолудың болуы; пайдаланылған деректер базасының сипаттамасы;
3) зерттеу мақсатына қол жеткізуді көрсететін мақсат, міндеттерді, қорытындыларды тұжырымдау;
4) нақты зерттеу әдістерінің сипаттамасы және оларды қолданудың шығармашылық зертханасы;
5) жұмыс мәтініне сілтемелердің библиографиялық ресімделуі, дереккөздер мен әдебиеттер тізімі;
6) жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы.
Конкурстық комиссия жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
1) тақырыпқа сәйкестігі;
2) тақырыпты, мазмұнды ашудың толықтығы;
3) түпнұсқалық;
4) иллюстрациялық материалдың болуы (фотосуреттер, архивтік және құжаттардың растайтын көшірмелері).
Конкурс лауреаттары мен қатысушыларын марапаттау Қазақстан Республикасының Президенті Архивінде өтеді.




100% quality cheap https://replicauhren.to/ for sale. the earth's most innovative watchmaking technilogy is existed in cheap replica luxury watches under $55. swiss best https://www.noob.to/ online for sale with cheap price. best www.hu-watchesbuy.com outlet. the entire innovative blend amazing quality and delightful good looks may possibly be the manifestation of https://www.vapesstores.ru/ вэйп шоп reddit. strong will probably be the similarities related with swiss https://www.breitlingreplica.to/. their the watchmaking industry coronary heart relates to the reasons for https://www.plugandplayvape.com/ elektronické cigarety usa. who sells the best https://liverpool-fc.ru is amazingly distinct from the astonishing wonder of amazement. cheap https://www.ipromise.to supplies a helpful details regarding observe experts and also lovers.