«Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы Қазақстан архившілерінің II халықаралық Конгресі

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің (ICA), ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің қолдауымен ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы Қазақстан архившілерінің II халықаралық конгресіне қатысуға шақырады.

Өтетін күні: 2024 ж.1-4 қазан

Өтетін орны: Алматы қ.

Өткізу форматы: офлайн

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын

Негізгі тезис: Қазіргі заманғы архивтер ашықтық пен қолжетімділіктің стратегиялық қағидаларын басшылыққа алып, цифрландыру, жаңғырту мен киберқауіпсіздіктің өзекті басымдықтары арқылы қоғамның назарына баға жетпес білім мен ақпараттың сан алуан көздерін ұсына отырып, орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) барлық бағыттары бойынша жаһандық сын-қатерлерге тарихи көзқарас тұрғысынан жауап беретін қажетті құралдарды жасауға қабілетті.

Конгрестің мақсаты тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби қоғамдастықпен сындарлы диалог құру болып табылады, бұл архивтерді дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыруға және үздік архивтік тәжірибені таратуға ықпал етеді.

Құралдар

Конгресс іс-шараларының нысандары: пленарлық және панельдік сессиялар, воркшоптар, вебинарлар, архивтер мен университеттерге сапарға шығу, жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың шеберлік сабақтары, семинарлар және хакатондар, құжаттық көрмелер.

Конгрестің нысаналы аудиториясы – мемлекеттік, ведомстволық және жеке архив қызметкерлері, тарихшылар, мәдениеттанушылар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, техникалық және кәсіптік оқу орындарының оқушылары, IT-саласының қызметкерлері, ақпаратты қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелеріне қызығушылық танытушылар.

Конгресс туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сайтында танысуға болады: https://archive.president.kz/.

Конгреске қатысуға өтінімдерді 2024 жылғы 1 маусымға дейін төмендегі электронды поштаға жіберуді сұраймыз: congress.of.archivists@gmail.com

        

Қатысушының өтінімі

1.

Тегі, аты, әкесінің аты

 

2.

Лауазымы, ұйымы

 

3.

Ғылыми дәрежесі мен атағы

 

4.

Байланыс деректері (e-mail, телефон)

 

5.

Егер сіз қатысқыңыз немесе баяндама жасағыңыз келсе, семинар, шеберлік сабағын және т.б. өткізгіңіз келсе, баяндаманың тақырыбы мен форматын көрсетіңіз

 

 

         Анықтама телефондары: +7 (727) 264 69 07 (ішкі 104, 101, 107), 264 58 02, 264 38 18, +7 (717) 274 04 45.