«Archive Hack: Ақылды архив»

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, «Satbayev University» және «Yandex Qazaqstan» ұйымдарымен бірлесе отырып, алғашқы «Archive Hack: Ақылды архив» хакатонына қатысуға шақырады.

Өткізілу күні: 24-25 қыркүйек

Өткізілу орны: Алматы қ., Сәтбаев көшесі 22, Satbayev University

Қатысушылар: Университеттердің, колледждердің IT және тарих мамандықтары бойынша студенттері мен Алматы қаласындағы мектептердің 10-12 сынып оқушылары.

Мақсаты: Студенттер мен оқушыларды архив материалдарымен жұмыс істеуге тарту арқылы цифрландыру, каталогтау және архив деректерін визуализациялау үдерістерін жақсартатын инновациялық жобаларды жасау, cондай-ақ, тарихты жастарға қолжетімді әрі қызықты ету.

Қазылар алқасы үш негізгі секция бойынша ең үздік жобаларды анықтайды:

• Young Archivists Initiative» – Ең үздік мектеп жобасы;

• «Designing Heritage» - Ең үздік брендбук дизайны;

• «Tech Solutions for Heritage» - Ең үздік инновациялық шешім.

Жүлде қоры: Хакатонның жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңге, сондай-ақ білім гранттары (мектеп оқушылары үшін).

Хакатон туралы толық ақпаратты мына сілтемелерден табуға болады:

            Концепция Archive Hack 2024 және Положение Archive Hack 2024     

    


                  хакатон архив 2024.jpg