МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ
«Туған жерге туыңды тік» деп халқымыз бекер айтпаған. Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес». Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы.
Қ. Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзі.
2
Қазақ КСР халық депутаты, академик М.Қ. Қозыбаевтың Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа мемлекеттік рәміздерді жетілдіру туралы жолдаған хаты. 21 маусым 1990 ж. ҚР ПА. 7 қ. 1 т. 96 іс. 2-3 п.
3
Қазақ КСР Президенттік Кеңесінің мүшесі С.С. Сартаевтың Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа мемлекеттік рәміздерді өзгерту туралы жолдаған хаты. 21 тамыз 1990 ж. ҚР ПА. 7 қ. 1 т. 96 іс. 5 п.
4
Президенттік Кеңестің мүшесі М.Ж. Жолдасбековтің Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа жаңа елтаңба мен гимн құру туралы жолдаған хаты. 27 тамыз 1990 ж. ҚР ПА. 7 қ. 1 т. 96 іс. 4 п.
5
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымы VIII сессиясында «Мемлекеттік рәміздерді қабылдау туралы» сөйлеген сөзінің стенограммасы. 6 маусым 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 266 іс. 1-18 п.
6
Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының үлгісін көрсетуде. 1992 ж. «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян».– Астана, 2012.– 163 б.
7
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің конкурстық жобаларын ұсыну сәті. Алматы қ. Солдан оңға қарай: Ж.М. Мәлібеков, Ш.О. Ниязбеков. 2001 ж. // Шаймерденов Е. Государственные символы РК.– Алматы, Жеті жарғы, 2001.– 101 б.
8
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» № 258-III Конституциялық заңы. 4 маусым 2007 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 7 т. 1741 іс. 1-17 п.
9
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар. ҚР СТ 988-2007. 2007 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 7 (жалғасы) т. 4310 іс. 20-29 п.
10
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар. ҚР СТ 989-2008. 2008 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 7 (жалғасы) т. 4310 іс. 43-50 п.
11
Талдықорған облысы Қаракөз совхозының тұрғыны Б. Есенбаевтың Қазақстан Республикасы Президентіне Н.Ә. Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын әзірлеу конкурсына қатысу туралы жолдаған хаты. 5 наурыз 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 1263 іс. 45-46 п.
12
Көкшетау облысы, Володарское аулының тұрғыны В.П. Головиннің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әңұранының жобасын әзірлеу конкурсына қатысу туралы жолдаған хаты. Әнұран мәтінінің авторлық нұсқасы бар. 5 наурыз 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 1257 іс. 19 п.
13
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы» Заңын қолдану жөніндегі нұсқаулық. 24 қараша 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 107 іс. 91-92 п.
14
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы» Қазақстан Республикасының заңын қолдануды қамтамасыз ету туралы» № 981 қаулысы. 24 қараша 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 107 іс. 89-90 п.
15
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» Заңын қолдану туралы ереже. 24 қараша 1992 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 107 іс. 98-99 п.
16
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары жөніндегі комиссиясының жанына жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының № 1 өкімі. 27 қараша 2001 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 2535 іс. 1-3 п.
17
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің авторларына куәліктер тапсыру кезінде сөйлеген сөзінің мәтіні. 22 сәуір 1994 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 3357 іс. 1-2 п.
18
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» № 2797 Конституциялық заң күші бар Жарлығына түсініктеме. 24 қаңтар 1996 ж. ҚР ПА. 5-Н қ. 1 т. 5714 іс. 70-71 п.
19
Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта біздің туымызды алғаш рет желбіретті. 1994 ж. Тәуелсіздіктің 30 жылындағы Қазақстанның негізгі кезеңдері мен жетістіктеріне арналған фотокөрме.
20
Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының үлгісін көрсетуде. 1992 ж. «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян».– Астана, 2012.– 162 б.
21
Байқауға ұсынылған жобалардың нұсқалары. 2014 ж. [Электрондық ресурс] Исторические основы государственных символов Республики Казахстан.
22
Байқауға ұсынылған жобалардың нұсқалары. 2014 ж. [Электрондық ресурс] Исторические основы государственных символов Республики Казахстан.