Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. 2015 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласында өмірден озды. 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. 1962 - 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
1
«Тәңір мен туған ана Әбішке келісті келбет берген. Атақты философ Артур Шопенгауэрдің байқауынша, кісі келбеті – бұл адамның кім екенінің кепілдемесі, өзі туралы ашық хаты іспеттес. «Міне, мен осындай адаммын» деген мінездеме оның дидарында ап-айқын жазулы тұрады»
Шерхан Мұртаза
6
Орта мектептің пионер дружинасы. Сол жақтан екінші Ә. Кекілбаев, Қарағанды обл., Шахтинск қ., 1955 ж.
6a
Кластастармен. Солдан оңға қарай Лебен, Әбіш, Мәку, Айымкүл, Клара, Қарағанды обл., Шахтинск қ., 1957 ж.
11
Ә. Кекілбаев Халықаралық конгресс орталығында өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі мәслихатқа қатынасушы мемлекеттердің шағын ұлттық топтар жөніндегі кеңесінде сөз сөйлеген сәті.
Швейцария, Женева, 1991 ж.
12
Ә. Кекілбаевтың ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы шеңберінде үш ұрпақ өкілдерімен кездесу өткізу туралы хаты.
Астана қ., 1999 ж. 18 мамыр
16
Ә. Кекілбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевқа жазған хаты, [Астана қ.], 1999 ж. 20 шілде
19
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ә. Кекілбаевтың ант беруі. Солдан оңға: бірінші – Н.Ә. Назарбаев, екінші – Ә.К. Кекілбаев.
Астана қ. 2002 ж. 31 қаңтар
20
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ә. Кекілбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесуі, Астана қ. 2002 ж. 18 ақпан
22
Қазақ ССР министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Оңдасыновтың 100 жылдық іс-шарасына қатысушылар – Солдан оңға: екінші- О.А. Әбдікәрімов, төртінші- Ә.К. Кекілбаев, Түркістан қ. Оңтүстік обл., 2004 ж. 15 қазан.
24
«Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз»
Тұманбай Молдағалиев