Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2024 жылы өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Бүгінде бұл – Қазақстандағы ең ірі архив мекемесі. Құрылған кезінде 555 мың сақтау бірлігі болса, 2024 жылдың басында архивтік ақпарат көлемі 1,5 млн асты.
Ғасырдың үштен біріне жуық уақыт Архив қорларында Тәуелсіздік кезеңінің жаңа саяси институттары – ел Президенті мен оның Әкімшілігінің, сондай-ақ Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметін көрсететін Қазақстанның жаңа тарихының аса маңызды құжаттары жинақталып, мұқият сақталуда. Президент Архивіне дейінгі мекемелердің – Жаңа заман тарихының орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті және Алматы облыстық партия комитетінің партиялық архивтерінің негізінде қалыптасқан архивтік қорлардың құжаттары бірегей құжаттар тобын құрайды. Бұл құжаттарда 1917 жылдан бастап кеңес дәуіріндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы тектоникалық өзгерістердің дәлелдері көрсетілген.
Республиканың тәуелсіздік алуы Қазақстан тарихына қоғамдық қызығушылықтың артуына ықпал етті. Осы орайда Президент Архивінде сақтаудағы Ұлттық архив қорының құрамына кіретін аса құнды және бірегей құжаттарды анықтау міндеттері өзектендірілді. Қазіргі уақытта мұнда 120 мыңнан астам аса құнды құжаттар сақталуда. Олардың ішінде 1920–1930 жж. ашаршылық, 1930 жж. жаппай қуғын-сүргін, жер аудару тарихы, кеңес дәуірінде «халық жауы» саналған тарихи тұлғалар және тағы басқалар туралы құжаттар бар.
Архив қызметкерлері тарихи процестердің шынайы мәнін, сипатын ашып көрсететін неғұрлым мазмұнды құжаттарды анықтау үшін жұмыс істеуде. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл құжаттар баға жетпес тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы, қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызы бар аса құнды құжаттар санатына жатады. Бұл Архивтің аса құнды құжаттары тізімінің түрлік және тақырыптық жағынан көптеп кеңеюіне себеп болды. Партия органдары қорларының құжаттарын («ерекше папкалар» және т.б.) құпиясыздандыру да осындай кеңеюге септігін тигізді.
Оқырмандар назарына ұсынылған Альбом – репринттер (құжаттардың сканерленген көшірмелері) ұсынылған Президент Архивінің бірінші басылымы. Осындай басылым арқылы оқырман шынайы тарихи деректерді өз көзімен көріп, оның сыртқы ерекшеліктерін анықтап қарай алады.
Альбомда Отан тарихының әртүрлі кезеңдердегі оқиғаларды ашып көрсететін 70 аса құнды құжат бар. Деректі шежіре 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің куәгерлері мен қатысушыларының естеліктерінен басталады. Содан кейін кеңес дәуіріндегі, оның ішінде өткен ғасырдағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің қайғылы оқиғалары, әлеуметтік және этникалық қоныс аударулар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігі, халық шаруашылығы мен мәдениеттің дамуын баяндайтын құжаттар бар. Басылым Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы маңызды құжаттардың бірі – 1990 жылғы 25 қазандағы Мемлекеттік егемендік туралы декларациямен аяқталады.
Фотоальбомға негізінен түпнұсқа құжаттар енгізілген, олардың көпшілігі өзгеріссіз, толық жарияланған. Жекелеген құжаттар, олардың көлемінің үлкендігіне байланысты (көп бетті мәтіндер) үзінді түрінде берілген. Шығарылған басылымда ішінара қысқартылып жарияланған құжаттардың толық мәтінімен оқырман электрондық нұсқада таныса алады. Заманауи технологиялар кітап басылымымен шектеліп қана қоймай, QR-код арқылы Архив сайтында орналастырылған құжаттардың мәтіндеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Құжаттардың негізгі бөлігі алғаш рет жарияланып отыр. Танымал тарихи тұлғалардың қызметтік құжаттары сияқты тақырыптық жинақтардан басқа құжаттар хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Аннотацияларда оқиғаның уақыты мен орны көрсетілген. Альбомның соңында қор, тізімдеме және істің атауы көрсетілген құжаттар тізімі бар.
Бұл жоба ауқымды аудиторияға арналған және Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорының алуан түрлі құжаттарын толық ашып көрсетуге бағытталған. Құрастырушылар Президент Архивінің аса құнды құжаттары коллекциясынан тұратын Альбом осы құжаттарды барынша терең зерттеп, ой елегінен өткізуге шақырады деп үміттенеді.
2024-09-20-1
1. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары С. Меңдешевтің көтерілістің 15 жылдығына арналған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы туралы баяндамасы, Алматы қ., 20 тамыз 1931 ж. 811 қ. 20 т. 752 іс.
2024-09-20-2
2. И. Атембековтың естеліктері, Торғай уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі – Амангелді Иманов, оның отбасы туралы, [Торғай ауылы, 1936 ж.]. 811 қ. 6 т. 153 іс.
2024-09-20-3
3. Тыл жұмыстарына жұмылдырылған А. Качаров, А. Талеев және У. Халиковтардың естеліктері, Жаркент уезіндегі 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысының қатысушылары, Жаркент қ., 21 шілде 1936 ж. 811 қ. 6 т. 153 іс.
2024-09-20-4
4. Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің мәжілісі. Отырғандар (солдан оңға қарай): Ә. Әйтиев, Н. Калашников, Ә. Жангелдин, М. Мырзағалиев, Шефтел, Е. Райхман, С. Арғаншиев, М. Шамов. Тұрғандар: екінші А. Байтұрсынов,
төртінші Ә. Әлібеков, Орынбор қ., 1921 ж.
896 қ. 1 т. 492 іс.
2024-09-20-6
5. РКП Қырғыз (қазақ) өлкелік комитеті Президиумы мәжілісінің № 45 Халық ағарту комиссариаты алқасын бекіту туралы хаттама, құрамында: А. Байтұрсынов, Мартынов, А. Асылбеков, Лазарев, А. Бочагов, Орынбор қ., 28 қазан 1921 ж.
139 қ. 1 т. 11 іс.
2024-09-20-5
6. Ә. Жангелдиннің Құрылтай жиналысы мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау бойынша нұсқаушы курсын бітіргені туралы куәлігі,
Петроград қ., 25 қыркүйек 1917 ж.
811 қ. 6 т. 243 іс.
2024-09-20-07
7. С. Сәдуақасовтың Қырғыз (Қазақ) өлкелік Ресей Коммунистік Жастар Одағының бюро мүшесі ретіндегі куәлігі, Орынбор қ., 1 қазан 1920 ж.
140 қ. 1 т. 12 іс.
2024-09-20-08
8. С. Меңдешевтің Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық комитетінің мүшесі болып тағайындалуы туралы мандаты, жеке іс парақшасы, Мәскеу қ., Алматы қ., 1919-1930 жж.
Ф.141. Оп.16. Д.2329.
2024-09-21-09
9. РКП (б) С. Сейфуллиннің 3-ші Бүкілқырғыз (Бүкілқазақ) партия конференциясы делегатының тіркеу карточкасы, Орынбор қ., 17 наурыз 1923 ж.
139 қ. 2 т. 45 іс.
2024-09-21-10
10. Түркістан Коммунистік партиясы Жетісу облыстық комитетінің Есеп және тарату бөлімінде сақталған инженер-құрылысшы А. Зенковтың өмірбаяны, Алматы қ., 8 қаңтар 1924 ж.
666 қ. 2 т. 342 іс.
2024-09-21-11
11. Инженер-құрылысшы А. Зенковтың жеке іс парақшасы,
Алматы қ., 1 ақпан 1924 ж.
666 қ. 2 т. 342
2024-09-21-12
12. Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қырғыз (Қазақ) ғылыми-әдеби кеңесінің төрағасы А. Байтұрсынұлының жеке іс парақшасы, Орынбор қ., 4 шілде 1924 ж.
139 қ. 1 т. 1016 іс.
2024-09-21-13
13. Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қырғыз (Қазақ) ғылыми-әдеби кеңесінің төрағасы А. Байтұрсынұлының өмірбаяны, Орынбор қ., 4 шілде 1924 ж.
139 қ. 1 т. 1016 іс.
2024-09-21-14
14. Қырғыз (Қазақ) Әскери-ревкомының және Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің мүшесі А. Байтұрсыновтың РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. Ленинге орталық өкілдері мен халық арасындағы сенімсіздікті жою туралы хаты, Мәскеу қ., 17 мамыр 1920 ж.
811 қ. 20 т. 568 іс.
2024-09-21-15
15. Т. Рысқұлов, А. Ходжанов, А. Байтұрсынов, З. Валидов, Х. Юмагуловтардың РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В. Ленинге 3-Коминтерннің 2-ші Конгресінде ұлттық және отаршылдық мәселелері туралы тезистерге жазған жазбасы, Мәскеу қ., 16 маусым 1920 ж.
141 қ. 18 т. 165 іс.
2024-09-21-16
16. 1920 жылғы халық санағы бойынша Қырғыз (Қазақ) АКСР халқының саны туралы мәліметтер, [Орынбор қ., 1920].
140 қ. 1 т. 73 іс.
2024-09-21-17
17. Орал қалалық кеңесі мәжілісінің Американдық көмек көрсету әкімшілігіне (American Relief Administration – «ARA») білдірілген алғыстың қарары,
Орал қ., 1 қаңтар 1922 ж.
139 қ. 1 т. 211 іс.
2024-09-21-18
18. МСБ ҮӨ Қазақстан бойынша И. Кашириннің 1922 жылдың 1 қазанынан 1923 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта Алаш-Орда және қазақ ұлттық топтарының жағдайы мен қызметі туралы МСБ Шығыс бөлімінің меңгерушісі Я. Петерске жасаған баяндамасы, Орынбор қ., ақпан 1923 ж.
139 қ. 1 т. 550 іс.
2024-09-21-19
19. РКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы И. Сталиннің Кир (Қаз) обкомының бюро мүшелеріне «Ақ жол» журналы туралы хаты, Мәскеу қ., 29 мамыр 1925 ж.
141 қ. 1 т. 479а іс.
2024-09-21-20
20. Қырғызстандағы (Қазақстандағы) жағдай туралы РКП (б) Орталық Комитеті Ұйымдастыру бюросы мәжілісінің № 87 хаттамасынан үзінді,
Мәскеу қ., 14 сәуір 1924 ж.
139 қ. 1 т. 1160 іс.
2024-09-21-21
21. Қазақстанның әкімшілік орталығы Қызылорда қаласының құрылысы туралы РКП (б) ОК ұйымдастыру бюросы отырысының № 113 хаттамасынан үзінді,
Мәскеу қ., 13 қазан 1925 ж.
141 қ. 1 т. 5 іс.
2024-09-21-22
22. БКП (б) ОК Бас хатшысы И. Сталин БКП (б) XIV съезінде Қазақстан делегаттары арасында. Солдан оңға қарай 2-ші қатарда 1. Ф. Голощекин, 2. С. Сәдуақасов, 3. Ж. Мыңбаев, 4. И. Сталин, 5. [І. Құрамысов], 6. Н. Нұрмақов, Мәскеу қ., 18–31 желтоқсан 1925 ж.
896 қ. 1 т. 1589 іс.
2024-09-21-23
23. ҚазКСР Халық ағарту комиссары С. Сәдуақасовтың БКП (б) Қазкрайкомының бірінші хатшысы Ф. Голощекинге Халық ағарту Комиссариатының қызметі туралы хаты, Қызылорда қ., желтоқсан 1925 ж.
141 қ. 1 т. 337 іс.
2024-09-21-24
24. Қазөлкеком РКП (б) Бүкілресейлік пролетарлық жазушылар қауымдастығы уәкілінің Қазақстанның пролетарлық жазушылар ұйымын құру туралы баяндамасы, Орынбор қ., 11 маусым 1925 ж.
141 қ. 1 т. 321 іс.
2024-09-21-25
25. ҚазАКСР Халық ағарту комиссары О. Жандосовтың БКП (б) Қазөлкекомы үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі С. Сафарбековке республиканың білім беру жүйесіндегі партиялық емес қайраткерлерді пайдалану туралы хаты (М. Әуезов, А. Байтасов, Ғ. Берімжанов), Алматы қ., 10 шілде 1928 ж.
141 қ. 1 т. 2261 іс.
2024-09-21-26
26. Орта Азия мемлекеттік университетінің аспиранты М. Әуезовтің Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары О. Жандосовқа шығармашылық еңбек пен оқуға жолдама беру туралы мәлімдемесі, Фрунзе қ., 4 маусым 1928 ж.
141 қ. 1 т. 2261 іс.
2024-09-21-27
27. ҚазКСР Халық ағарту комиссары О. Жандосовтың Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыруы ісінің жағдайы туралы хаты, Қызылорда қ., 5 қазан 1928 ж.
141 қ. 1 т. 2252 іс.
2024-09-21-28
28. Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының ректоры С. Сәдуақасовтың БКП (б) Қазөлкекомына қызметінен босату туралы өтініші, Ташкент қ., 1928 ж.
141 қ. 1 т. 1704 іс.
2024-09-21-29
29. О. Жандосовтың БКП (б) Қазөлкекомы БҮНБ алқасына жаңа қазақ әліпбиін енгізу туралы ұсынысы, Қызылорда қ., 13 қаңтар 1929 ж.
141 қ. 1 т. 2800 іс.
2024-09-21-30
30. Ұжымдастыру туралы қаулы жобасына түзетулер енгізу туралы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұловтың БКП (б) ОК Саяси Бюросына жазбасы, Мәскеу қ., 2 қаңтар 1930 ж.
141 қ. 1 т. 2966 іс.
2024-09-21-31
31. БКП (Б) Сибөлкекомының бірінші хатшысы Р. Эйхенің БКП (б) Қазөлкекомның бірінші хатшысы Ф. Голощекинге қазақ халқының көшіп-қонуы туралы хаты, Новосибирск қ., 3 сәуір 1932 ж.
141 қ. 1 т. 5192 іс.
2024-09-21-32
32. «Бесеудің хаты» Ғ. Мүсіреповтің, М. Гатауллиннің, М. Дәулетғалиевтің, А. Алтынбековтің, Қ. Қуанышевтің БКП (б) Қазөлкекомының бірінші хатшысы Ф. Голощекинге Қазақстанның халық шаруашылығын қайта құрудағы қателіктері мен бұрмалаушылықтары туралы хаты, Алматы қ., 4 шілде 1932 ж.
141 қ. 1 т. 5233 іс.
2024-09-21-33
33. Педагогикалық институттың студенті Ю. Макумовтың БКП (б) ОК Бас хатшысы И. Сталинге шаруаларға қатысты саясатты түсіндіру туралы өтінішпен жазған хаты, Жосалы ст., 11 қыркүйек 1932 ж.
141 қ. 1 т. 3977 іс.
2024-09-21-34
34. «Алтаудың хаты» Ғ. Ысқақовтың, И. Қабуловтың, Ж. Арстановтың, Б. Айбасовтың, Ғ. Тоғжановтың, О. Жандосовтың БКП (б) ОК Бас хатшысы И. Сталинге Қазөлкекомының мал шаруашылығын дамытуда, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды ұжымдастыруда жіберген кемшіліктері мен қателері туралы хаты, Алматы қ., 24 ақпан 1933 ж.
141 қ. 1 т. 5734 іс.
2024-09-21-35
35. РКФСР Егін шаруашылығы халық комиссарының өкілі И. Кацваның № 6 баракты тексеру туралы баяндамасы (фотосуреттер қоса берілген),
Семей қ., 4 наурыз 1933 ж.
719 қ. 4 т. 710 іс.
2024-09-21-36
36. «Қазақ АКСР-інің өнері» көрмесі туралы Шығыс халықтарының мемлекеттік мұражайының қысқаша есебі, афиша және шақыру билеті,
Мәскеу қ., 9 шілде 1934 ж.
141 қ. 1 т. 7638 іс.
2024-09-22-37
37. ҚазКСР Халық ағарту комиссары Т. Жүргеневтің БКП (б) Қазөлкекомының хатшысы С. Нұрпейісовке Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешіт-кесенесін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру туралы хаты,
Алматы қ., 1935 ж.
141 қ. 1 т. 8118 іс.
2024-09-22-38
38. Қазақстандық студенттердің тізімі - Мәскеу ЖОО мен ЖТОО-ның түлектері. № 25 – Д. Қонаев – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962, 1964–1986), Мәскеу қ., 1936 ж.
141 қ. 18 т. 223 іс.
2024-09-22-39
39. ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы басқарма бастығы С. Меңдешевтің қазақтарды Түркімен Республикасынан көшіру жөніндегі жұмысы туралы есебі, Алматы қ., 19 қыркүйек 1937 ж.
708 қ. 1 т. 86 іс.
2024-09-22-40
40. Қазақстан КП (б) ОК-ның «Антикеңестік элементтер туралы» қаулысы,
Алматы қ., 19 қараша 1937 ж.
708 қ. 1/1 т. 1 іс.
2024-09-22-41
41. Геолог Қ. Сәтбаевтың КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссары Л. Кагановичке, Қазақстан КП (б) ОК хатшысы Н. Скворцовқа мыс балқыту комбинатын салу туралы баяндамасы, Жезқазған, Мәскеу қ. 23 қаңтар 1938 ж.
708 қ. 2/2 т. 47 іс.
2024-09-22-42
42. Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 75 жасқа толуына орай жолдаған Қазақстан КП (б) ОК-ның құттықтауы, Алматы қ., 23 сәуір 1938 ж.
708 қ. 1 т. 65 іс.
2024-09-22-43
43. Малая Станицада жалпы әскери дайындықты жүргізу, Алматы қ., 1941 ж.
893 қ. 1 т. 16 іс.
2024-09-22-44
44. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі мен Қазақстан КП (б) ОК-ның «Немістерді Грузин, Әзірбайжан және Армян КСР-нан көшіру туралы» 1941 жылғы 8 қазандағы № 744-сс МҚК қаулысын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы қаулысы. Алматы қ., 13 қазан 1941 ж.
708 қ. 1/1 т. 3 іс.
2024-09-22-45
45. Құрманғазы атындағы Қазақ музыкалық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері А. Жұбановтың жеке іс парақшасы,
Алматы қ., 27 қазан 1941 ж.
708 қ. 39 т. 1427 іс.
2024-09-22-46
46. Құрманғазы атындағы Қазақ музыкалық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері А. Жұбановтың өмірбаяны,
Алматы қ., 21 мамыр 1964 ж.
708 қ. 39 т. 1427 іс.
2024-09-22-47
47. Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне қазақстандықтардың жаңа жылдық сыйлықтары,
[Мәскеу облысы], желтоқсан 1941 ж.
893 қ. 1 т. 8 іс.
2024-09-22-48
48. Моссовет атындағы Мәскеу драма театрының директоры Е. Александрованың Қазақстан КП (б) ОК хатшысы Н. Скворцовқа театрды Алматы қаласына тұрақты жұмысқа көшіру туралы хаты, 24 сәуір 1942 ж.
708 қ. 6/1 т. 563 іс.
2024-09-22-49
49. 1. Майданға арналған снарядтар дайындау.
2. Ғ. Әйтекова, аяқ киім фабрикасының өндіріс бойынша көшбасшысы,
Алматы қ., 1942 ж.
893 қ. 1 т. 27 іс.
2024-09-22-50
50. Жауынгерлердің, командирлердің және саяси қызметкерлердің Қазақстанның партиялық және кеңестік басшылығының қамқорлығына алғыс білдіру және жауды толық жеңуге уәде беру туралы хаты, 1942 ж.
708 қ. 6/1 т. 536 іс.
2024-09-22-51
51. Сержант М. Калашниковтың Қазақстан КП (б) ОК-не тапанша-пулеметтің жаңа үлгісін ойлап табу бойынша жазған хаты, [Матай ст.], 25 маусым 1942 ж.
708 қ. 6/1 т. 2 іс.
2024-09-22-52
52. ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің және Қазақстан КП (б) ОК «Калашников жүйесі тапанша-пулеметтерінің тәжірибелік үлгілерін қайта құру және дайындау туралы» қаулысы, Алматы қ., 17 тамыз 1942 ж.
708 қ. 1/1 т. 5 іс.
2024-09-22-53
53. Жазушы К. Паустовскийдің өмірбаяны, Алматы қ., желтоқсан 1942 ж.
708 қ. 6/1 т. 442 іс.
2024-09-22-54
54. Жазушы М. Зощенконың өмірбаяны, Алматы қ., 16 желтоқсан 1942 ж.
708 қ. 6/1 т. 442 іс.
2024-09-22-55
55. Кеңестік суретшілер одағының мүшесі Ә. Қастеевтің Қазақстан КП (б) ОК-не шығармашылық жұмыс үшін шеберхана бөлу туралы мәлімдемесі,
Алматы қ., [1942 ж.].
708 қ. 6/1 т. 573 іс.
2024-09-22-56
56. Майдандағы әскерлер қолбасшысы К. Рокоссовскийдің Қазақстанның партия және кеңес басшылығына Сталинград маңындағы неміс әскерлерін талқандағаны туралы хаты, [ақпан] 1943 ж.
708 қ. 6/2 т. 183 іс.
2024-09-22-57
57. Қазақстан КП (б) ОК хатшысы М. Әбдіқалықов бастаған Қазақстан делегациясының Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор С. Чернюговпен кездесуі, наурыз 1943 ж.
893 қ. 1 т. 13 іс.
2024-09-22-58
58. «Саған, Қазақстан» № 3582 эвакуациялық госпиталі жауынгерлерінің қолжазба өлеңдер жинағы, Алматы қ., 1943 ж.
708 қ. 7/1 т. 684 іс.
2024-09-22-59
59. Орталық Біріккен көркем фильмдер Киностудиясы басшылығының директоры М. Тихонов пен директордың орынбасары Қ. Сирановтың Қазақстан КП (б) ОК хатшысы Н. Скворцовқа «Абай» фильмін түсіру туралы хаты,
Алматы қ., 7 тамыз 1943 ж.
708 қ. 7/1 т. 251 іс.
2024-09-22-60
60. КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы партия ұйымының Қазақстан КП (б) үміткерлері қатарына Қ. Сәтбаевтың кіруі туралы кеңейтілген отырысының хаттамасы, Алматы қ., 2 сәуір 1943 ж.
669 қ. 1 т. 18 іс.
2024-09-22-61
61. ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары А. Заговельевтің БКП (б) ОК хатшысы Г. Маленковқа, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің орынбасары Л. Берияға Қазақ ауыл шаруашылығы институты базасында «КВ» типті бу танкін әзірлеу туралы хаты, Алматы қ., қыркүйек 1943 ж.
708 қ. 7/1 т. 169 іс.
2024-09-22-62
62. «Киров» Қызыл Ту крейсерінің қолбасшылығына Германияны жеңгенімен құттықтау туралы үкіметтік жеделхаты, Алматы қ., 19 шілде 1945 ж.
708 қ. 9 т. 148 іс.
2024-09-22-63
63. Су электр станциясының құрылысы, Өскемен қ., шілде 1947 ж.
896 қ. 1 т. Фотоқұжаттар жинағы.
2024-09-22-64
64. Қорғасын-мырыш комбинаты кенішінің жалпы көрінісі, Текелі, қазан 1947 ж.
896 қ. 1 т. Фотоқұжаттар жинағы.
2024-09-22-65
65. Қазақстан ЛКЖО ОК мүшесі Х. Доспанованың өмірбаяны мен кадрларды есепке алу жеке іс парақшасы, Алматы қ., 1948–1951 жж.
708 қ. 69 т. 819 іс.
2024-09-22-66
66. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы О. Сүлейменовтің Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі М. Исиналиевке «Аз и Я» кітабын басып шығару туралы хаты, Алматы қ., 1974 ж.
175-НЛ қ. 1 т. 40 іс.
2024-09-22-67
67. Ғалым тарихшы Л. Гумилевтің Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы Ә. Әлімжановқа ғылыми конференциядағы баяндамасы туралы хаты, Мәскеу қ., 24 тамыз 1980 ж.
167-НЛ қ. 1 т. 227 іс.
2024-09-22-68
68. Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы Д. Қонаевтың «Энергия» ҮЕҰ директоры, академик В. Глушкоға ғарышкерлерді даярлау жөніндегі жасаққа Т. Мұсабаевты қосу туралы хаты, Алматы қ., 9 сәуір 1986 ж.
708 қ. 128 т. 4 іс.
2024-09-22-69
69. Қазақ КСР халық депутаты, академик М. Қозыбаевтың Қазақ КСР Президенті Н. Назарбаевқа мемлекеттік рәміздерді жетілдіру туралы хаты,
Алматы қ., 18 маусым 1990 ж.
7 қ. 1 т. 96 іс.