Ашаршылық ақиқаты архив құжаттарында

Алғы сөз

     "Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек.
     Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс».

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан. 5 қантар 2021.ж.

2021-3-1

Мүлікті тәркілеу науқанын ұйымдастыру бойынша шығарылған актілер мен
жүргізілген жұмыстардың мерзімі көрсетілген тізбесі. Тарихи шолу.
28 желтоқсан 1928 ж.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1988 іс, 384-386-п.

2021-3-2

ҚАКСР ОАК мен ХКК ірі мал иелерін жер аудару туралы қаулысының жобасы.
[1928 ж. 27 тамызына дейін]
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1687 іс, 55-56-п.

2021-3-3

Қазақ ОАК жанындағы Партия комисссының тәркілеуге жататын
байлардың тізімдерін қарастыру туралы хаттамасынан үзінді. 1928 ж. 23 тамыз.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1843 іс, 147-п.

2021-3-4

Ф.И. Голощекиннің БК(б)П ОК-не Қазақ ОАК 1928 ж. 23 наурыздағы басқа округтарға жер аударылған байларды тіркеу туралы қаулысын алып тастау туралы өтініш жазған хаты. 1929 ж. 27 тамыз
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 2606 іс, 5-п. және сыртқы беті.

2021-3-5

БК(б)П Қазөлкекомы бюросының тәркілеуге қарсы белсенді бас көтерген байлармен
күрес жөніндегі шаралар туралы қаулысы. 1928 ж. 12 қыркүйек.  
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1687 іс, 25-26-п.

2021-3-6

БК(б)П Қазөлкекомы Ақпараттық бөлімінің партия округтік комитеттерінде жүргізілген тәркілеу жұмыстары туралы №2 жиынтығы. 1928 ж. [қараша]
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1988 іс, 387–389-п.

2021-3-7

БК(б)П Қазөлкеком Уәкілі Р. Қазбековтың БК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне Қобда ауданында астық дайындау барысы туралы ақпараты. 1931 ж. 23 тамыз.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 3836 іс, 29 п.



2021-3-8

Астық дайындау. Мәскеу қаласына астық жіберу. 1931 ж.
ҚР ПА. 896-қ. 1-т., №2054


2021-3-9

БК(б)П Қазөлкеком тәркілеуге коммунистердің пікірі туралы қаулысы.
1928 ж. 18 қазан
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1845 іс, 29–33-п.

2021-3-10

Қазақ ОАК-ң «ірі байлардың мүлкін  тәркілеу жөніндегі» декретін қолдану туралы» БОАК
Комиссиясының қаулысы туралы БК(б)П Қазөлкекомының хаттамасынан үзінді. 1928 ж. 20 қыркүйек.  
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1843 іс, 196-п.

2021-3-11

Түрлі округтар байларының Тәркілеу жөніндегі өлкелік комиссияға оларға
"ҚазОАК мен ҚАКСР ХКК тәркілеу туралы" 1928 ж. 27 тамыздағы декретінің
заңсыз қолданылуы туралы жасаған шағымдарынан үзінділер.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1988 іс, 126-127, 135-п.

2021-3-12

ҚАКСР бойынша БМСБ Уәкілетті Өкілдігі Ақпарат бөлімінің байлардың мүліктерін тәркілеуге байланысты елдің ой-пікірлері туралы №3 мәліметі. 1928 ж.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 2067 іс, 25-27 п.

2021-3-13

БМСБ Уәкілетті Өкілдігі Шығыс бөлімшесінің аға уәкілі З.А. Волоховтың БК(б)П Қазөлкекомы ақпараттық-статистикалық бөлімшесінің БК(б)П ОК-не, БОАК-не Қазақстанда тәркілеу барысы туралы баяндау хатымен бірге ұсынылған 1928 ж. 10, 29 қарашасындағы, 1 желтоқсандағы жағдайлар бойынша мәліметі.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1988-іс. 46,89,109-п.

2021-3-14

БК(б)П Қазөлкекомы ақпараттық бөлімшесінің меңгерушісі Н.Г. Беспаловтың БК(б)П ОК-не, БОАК-не, БК(б)П Қазөлкекомы
ақпаратты-статистикалық бөлімшесінің бай шаруашылықтарын топтарына қарай тәркілеу туралы баяндау хаты мен
Қазақстан бойынша малдың түрлері мен түлігіне қарай тәркілеу туралы ХКК ерекше қаулысына ақпараты.
1928 ж. 28 қараша.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1988-іс. 42-44-п.

2021-3-15

БК(б)П Қазөлкекомы 3 Пленумының мал-мүлікті тәркілеу қорытындылары
туралы қарары. 1928 ж.  2–7 желтоқсан.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 1687-іс. 99-п. және сыртқы беті, 100-п.  

2021-3-16

БК(б)П Қазөлкеком хатшысы Ф.И. Голощекиннің тәркілеу, ұжымдастыру,  кулактарды тап ретінде жою жұмыстарында жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтар туралы мақалалары мен сөйлеген сөздерінен үзінділер. 1930 ж. сәуір.  
ҚР ПА.  141-қ. 1-т. 2420 іс, 268–269-п; 1988 іс, 140–142-п.

2021-3-17

Оңтүстік Қазақстан облысы, Пахтарал ауданы, Славянка селосындағы малдың ортақтандырылуы.
ҚР ПА.  141-қ. 1-т. 2007 іс, №2007;

2021-3-18

БК(б)П Қазөлкекомының уәкілі О. Жандосовтың, Әулие-Ата аудандық партия комитетінің хатшысы Т. Жаңбыршиннің БК(б)П Қазөлкекомына, ҚАКСР ХКК-на Әулие-Ата, Шу аудандарындағы ашаршылық, өлім-жітім, адам етін жеу фактілері туралы ақпараты. 23.01.1933 ж.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 6403 іс, 9–10-п.

2021-3-19

Ақтөбе облыстық эпидемиолог Стариковтың облыстық атқару комитетіне
Торғай, Батпаққара аудандарындағы індет аурулары туралы баяндаухаты. 1932 ж.
ҚР ПА.  141-қ. 1-т. 6403 іс, 3–7-п.

2021-3-20

КСРО Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай  Қоғамдары Одағы атқару комитеті төрағасының орынбасары Мойровтың, сауықтыру секторы бастығының м. а. Шуфирдің РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа Ақтөбе облысында індетке қарсы жұмысшы топтары мен тамақтандыру пунктерін ашу туралы баяндамасы.
1933 ж. 13 қаңтар.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 6403 іс. 1–2 сыртқы беті.

2021-3-21

БК(б)П Қазөлкекомына келіп түскен Ақмола облысы Социалистік ауданындағы астық дайындау барысында болған асыра сілтеушіліктер, азық-түліктің жетіспеушілігі,
ашаршылық туралы белгісіздің хаты. 1930 ж.
ҚР ПА. 719-қ. 2-т. 125 іс, 133–134 п. сыртқы беті.

2021-3-22

Шығыс Қазақстан обл. Максим Горький ауданы №4 ауыл тұрғыны Н. Дүйсенбиновтың
БОАК Төрағасы М. И. Калининге ашаршылық, ауыл тұрғындарының  тұтастай өлімі туралы 1932 ж. 10 ақпандағы хаты.
ҚР ПА. 141-қ. Оп. 1-т. 5233 іс. 10-п. сыртқы беті.



2021-3-23

БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің БК(б)П Оңтүстік Қазақстан
Обкомына Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп кеткен
шаруашылықтар туралы директивасы. 1932 ж. 17 наурыз.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 5192 іс, 24–25 және сыртқы беті.    


2021-3-24

Ғ. Мусрепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, К. Қуанышевтың  БК(б)П Қазөлкекомы хатшысы Ф.И. Голощекинге мал шаруашылығындағы асыра сілтеушіліктер, азық-түліктің жетіспеушілігі,  ашаршылық, елдегі саяси ахуал туралы жазған хаты. 1932 ж. шілде  («бесеудің хаты").
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 5233 іс, 79–92-п.



2021-3-25

Ғ. Ысқақов, І. Қабылов, Ж. Арыстанов, Б. Айбасов, Ғ. Тоғжанов, О. Жандосовтың («алтаудың хаты») БК(б)П хатшысы И. В. Сталинге мал шаруашылығын дамыту, көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылықтарды ұжымдастыруда БК(б)П Қазөлкекомының кемшіліктері мен қателіктері туралы жазған хаты. 24 ақпан 1932 ж.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 5734-іс. 1–8-п.


2021-3-26

РКФСР Денсаулық сақтау халкоматы комиссиясының Шығыс Қазақстан облысындағы №6 барақтың санитарлық жай-күйі және жаппай өлім-жітім туралы актісі. 1933 ж. 4 қараша.
ҚР ПА. 719-қ. О4-т. 710 іс. 15–16-п.

2021-3-27

№ 6  барақтың сыртқы көрінісі.
ҚР ПА. 719-қ. 4-т. 710-іс. 17-п.

2021-3-28

Қыс. Семей қ.  Көшпенділер № 6 баракта мәйіттердің ортасында. Суреттің артқы бетінде: «6-барақта түсірілген карточка. Сіздер әлсіреген қазақтарды және 4 күн бойы жатқан  мәйіттерді көресіздер». 1933 ж. 8 наурыз.
ҚР ПА. 719-қ. 4-т. 710-іс. 17-п.


2021-3-29

ҚАКСР Халық шаруашалықты есепке алу басқармасы құрастырған
1929–1935 жж. ҚазКСР-ның халқының динамикасы туралы кестесі. 1936 ж.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 9812-іс. 9-п.


2021-3-30

БК(б)П Қазөлкекомы Ақпарат секторының материалдары бойынша  астық дайындау барысында кулактар мен байлардың бас көтерулері, ланкестік актілері туралы 1930 ж. 5 желтоқсандағы жағдай бойынша №3 мәліметі.
ҚР ПА. 141-қ. 1-т. 3768 іс, 138–139-п.



2021-3-31

ҚАКСР бойынша БМСБ Уәкілетті өкілі Даниловскийдің, Бөлімше басқарма бастығы Хворостянның  БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті хатшысы Ф.И. Голощекинге Манғыстау, Табын аудандарындағы саяси оқиғалар туралы 1931 ж. 13 қыркүйектегі баяндама жазбасы.
ҚР ПА.  141-қ. 1-т. 5052 іс, Л.41–52, 73-п.


2021-3-32

ҚАКСР Әскери комиссариаты саяси хатшылығының бастығы Л.И. Идельсонның БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті хатшысы Ф.И. Голощекинге Созақ ауданындағы қазақтардың жаппай бас көтерулері туралы 1931 ж. ақпандағы хабарламасы.
ҚР ПА.  141-қ. 1-т. 5052 іс, Л.307–312-п. және сыртқы беті.


2021-3-33

БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті хатшысы  Ф.И. Голощекиннің БК(б)П хатшысы
И.Ф. Сталинге Абыралы, Шыңғыстау  ауданындағы қазақ ауылдарының жаппай бас көтерулері туралы 1931 ж. 27 ақпандағы телеграммасы.
ҚР ПА.  141-қ. 1-т. 5052 іс, Л.268-п. және сыртқы беті.

2021-3-34

БМСБ УӨ ҚАКСР бойынша 11-бөлімшесінің бастығы Шумиловтың БК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне 1929–1930 жж. аралығында  Қазақстан аумағында болған көтерілістер мен толқулар және оларды басу туралы 1931 ж. 22 қазандағы анықтамасы.
ҚР ПА.  141-қ. 1-т. 5052 іс, Л.313–321-п.