«Қуғын-сүргін жылдарындағы отбасы тағдыры архив құжаттарында» тарихи-құжаттық көрмесі

Алғы сөз

2025 ж. 31 мамырда ҚР Президент Архивінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи-құжаттық көрме өтті. «Қуғын-сүргін жылдарындағы отбасы тағдыры» – Қазақстан тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі. Жалпы ХХ ғасырдың 30–50 жылдарында орын алған саяси қуғын-сүргін отандық тарихтың сыры мен шындығы ашылмаған ақтаңдақты мәселе. Қуғын-сүргінге ұшыраған, бұрындары зерттелмеген материалдар бойынша қылмыстық тергеу істерін ғылыми айналымға енгізу сол кезеңдегі оқиғалардың «күнделікті өмірін» зерттеуге мүмкіндік береді. 1937 ж. 5 шілдеде БК(б)П Орталық комитетінің Саяси бюросы қабылдаған «Отанын сатқан отбасы мүшелері туралы» қаулыға сәйкес «әшкереленген оңшыл-троцкистік шпиондар, отанын сатқандардың әйелдері лагерлерге кем дегенде 5-8 жылға отырылғызады», ал балалары – балалар үйі мен жабық интернаттарға жіберілді. Осы мақсатта Нарым өлкесі мен Қазақстанның Торғай ауданында арнайы лагерь ашу ұсынылды. Балаларды Москва, Ленинград, Киев, Тифлис, Минск, шекарада орналасқан қалалардан тыс жерлерге орналастыру қарастырылды. Солардың біреуі қазіргі Астананың түбінде 1937 ж. 15 тамызда құрылған еді. Ол Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР) атауымен тарихқа енді. Ақмола лагерінде мыңдаған әйелдер 3 жасқа дейінгі балалармен бірге «жазасын» өтеген, кейін балаларын бөліп алып балалар үйіне жіберіп отыратын болған. Сондықтан да отбасынан айырылып, жазықсыз сотталып, лагерьлерде азап шеккен, жер аударылған аналардың және ата-анасыз қалып, балалар үйлерінде қатаң режим жағдайында тәрбиеленген балалардың қайғылы тағдыры әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр. Бұл тақырыптың өзектілігі – қуғын-сүргінге ұшырағандар мен олардың отбасыларының қылмыстық-тергеу істерінің материалдары, 1920-1950 жылдардағы саяси жағдайдың ауқымын егжей-тегжейлі көрсетуге мүмкіндік береді, бұны қоғам әлі күнге дейін ауыр қабылдауда. Бұл тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру үшін маңызды. Көрме ҚР Президенті Архиві – 122-Н, 220, 352 қорларының құжаттарынан қалыптастырылды. Көрменің мақсаты – ХХ ғасыр тарихының ең қасіретті беттерінің бірі 1937–1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңін көрсету, қуғын-сүргіннің отбасыға, бала мен анаға тигізген әсеріне баса назар аудару. Қоғамдағы гуманистік құндылықтарды сақтау үшін қуғын-сүргіннің әлеуметтік, тарихи және моральдық зардаптарын талқылау. Көрмеге қазақ зиялыларының жарлары мен балаларының құжаттары ұсынылды: Айеш Құлымбетова – Кеңес одағының саяси қызметкері, Қазақ АКСР/Қазақ КСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы (1935–1937), 1937 ж. тұтқындалып, 1938 ж. ату жазасына кесілген Ұзақбай Құлымбетовтың жары. 1958 ж. ақталған. Күлжамал Майлина – қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, 1937 ж. жазықсыз тұтқындалып, қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 ж. ату жазасына кесілген Бейімбет Майлиннің жары. 1957 ж. ақталған. Разия Меңдешева – қоғам және мемлекет қайраткері, 1930–1937 жылдары Қазақ Республикасы ағарту халық комиссары, ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, 1937 ж. тұтқындалып, қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 ж. ату жазасына кесілген Сейітқали Меңдешевтің жары. 1957 ж. ақталған. Майнұр Сарымолдаева – мемлекет қайраткері, 1927–1933 жж. ХШОК төралқасының төрағасы, мемлекеттік басқарудың төрағасының орынбасары, ҚазАКСР жер істері халық комиссары, 1933–1936 жж. Шығыс Қазақстан облысы атқару комитетінің, Торғай ауданы, Қазақ АКСР Тамақ өнеркәсібі халық комиссарының орынбасары, 1937 ж. тұтқындалып, қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 ж.ату жазасына кесілген Қабылбек Сарымолдаевтың жары. 1958 ж. ақталған. Бибіжамал Сырғабекова – мемлекет және қоғам қайраткері, 1933–1937 жылдары – Қазақ АКСР және Қазақ КСР Жер істері халық комиссары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (1929–1937) және Қазақстан Компартия ОК мен оның бюросы мүшесі, 1937 ж. тұтқындалып, қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 ж. ату жазасына кесілген Нығмет Сырғабековтың жары. 1957 ж. ақталған. Тарихи-құжаттық көрмеге архивтік қылмыстық-тергеу істерінен алынған архивтік құжаттар мен фотосуреттер, жауап алу хаттамалары, жеке парақшалар, айыптау қорытындылары, еңбекпен түзеу лагерьлеріне жіберу туралы хаттамадан үзінді көшірмелер, айыпталушылардың сауалнамалары, сотталушыны лагерьге жіберу туралы қаулының көшірмелері, ерекше кеңестің үкімдерін қайта қарау және лагерьден босату туралы өтініштер, сотталушыны лагерьлерге жіберу туралы, лагерьде мәжбүрлеп жұмысқа қалдыру, қамаудан босату туралы, балаларды балалар үйіне қабылдау туралы өтініштер, оларды ақтау туралы қорытындылары ұсынылды.

1

Аеш Құлымбетова (1898–1973), Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ұ. Құлымбетовтің жары.
«АЛЖИР» мұражайы қорындағы коллекциялар каталогы. Астана, 2012. 283 б.

2

ҚазКСР ІІХК КСРО Жоғарғы Соты Әскери Алқасының Көшпелі сессиясы шешімімен атылу жазасына кесілген «отанын сатқан» Ұ. Құлымбетовтың отбасы туралы анықтама.
Алматы қ., 17 наурыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4339 іс. 1 том. 2 п.

3

ҚазКСР ІІХК А. Құлымбетованы тұтқынға алу туралы ордері.
Алматы қ., 21 наурыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4339 іс. 1 том. 5 п.

4

Бостан Құлымбетовтың балалар үйіне қабылданғанын растайтын қолхат. Алматы қ., 22 наурыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4339 іс. 1 том. 6 п.

5

Кабира Карабалинаның балалар үйіне қабылданғанын растайтын қолхат.
Алматы қ., 22 наурыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4339 іс. 1 том. 8 п.

6

Марат Құлымбетовтың балалар үйіне қабылданғанын растайтын қолхат.
Алматы қ., 22 наурыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4339 іс. 1 том. 7 п.

7

ҚазКСР ІІХК А. Құлымбетованы жолдасы  Ұ. Құлымбетовтың кеңеске қарсы қызметін біле тұра қауіпсіздік органдарынан жасырғаны туралы айыптау қорытындысы.
Алматы қ., 28 сәуір 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4339 іс. 1 том. 25, 26 п.


8

А. Құлымбетованың 2-ші Долинcк бөлімшесінің бастығына жаза мерзімін өтегеннен кейін бұзаушы ретінде жұмысқа қалдыру туралы арызы.
[Қарлаг], 27 сәуір 1946 ж.
ҚР ПА. 404 қ. 4 т. (Қарағанды қ.). 4729 іс. 3 п.

9

2-ші Долинcк бөлімшесінің бастығы  Романовскийдің  ІІМ Қарлаг Басқармасы бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары подполковник Покровскийге А. Құлымбетованы жаза мерзімін өтегеннен кейін бұзаушы ретінде қарамағына жіберу туралы хаты.
Долинка п., 27 сәуір 1946 ж.
ҚР ПА. 404 қ. 4 т. (Қарағанды қ.). 4729 іс. 1 п.

10

Күлжамал Майлина (1900–1974), жазушы Бейімбет Майлиннің жары.
«АЛЖИР» мұражайы қорындағы коллекциялар каталогы.
Астана, 2012. 283 б.

11

ҚазКСР ІІХК МҚБ-ның К. Майлинаны тұтқындау туралы анықтамасы.
Алматы қ., 15 наурыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4613 іс. 1 п.

12

ҚазКСР ІІХК МҚБ-ның К. Майлинаны бұлтартпау шарасын тағайындау және айып тағу туралы қаулысы.
Алматы қ., 15 наурыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4613 іс. 2 п.

13a,b,d

Мереке, Еділ, Маулика [Разия],  [Гүлсім] Майлиндердің балалар үйіне қабылданғанын растайтын қолхаттар.
Алматы қ., 13 сәуір 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4613 іс. 9-11 п.

14

Б. Майлиннің балалары. Солдан оңға қарай: ұлдары Еділ (7 жас) мен Мереке (11 жас), қызы Разия (13 жас).
Балалар үйі. Семей қ., 1939 ж.  
ҚР ПА. 122-Н қ. 1 т. 86 іс. 38 п.

15a,b

Тұтқындалған К. Майлинаның сауалнамасы.
Алматы қ., 25 сәуір 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4613 іс. 6 п.

16a,b

ҚазКСР ІІХК МҚБ-ның К. Майлинаны жолдасы Б. Майлиннің кеңеске қарсы қызметін біле тұра қауіпсіздік органдарынан жасырғаны туралы айыптау қорытындысы, Алматы қ., 8 мамыр 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т.  (Алматы қ.). 4613 іс. 23, 24 п.

17

КСРО ІІХК-ның Ерекше Кеңесінің К. Майлинаны «отанын сатқан» отбасы мүшесі ретінде бес жылға еңбекпен түзеу лагеріне (ЕТЛ) кесілгені туралы хаттамасынан үзінді.
Мәскеу қ., 21 шілде 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4613 іс. 25 п.

18

ҚазКСР ІІХК МҚБ 8-ші бөлімінің Ақмола қалалық түрме бастығына айыпталушы К. Майлинаны лагерьге бірінші этаппен жіберу туралы өкімі.
Алматы қ., 22 тамыз 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4339 іс. 27 п.

19

ҚазКСР ІІХК Қарлаг басқармасы басшысының К. Майлинаны лагерьде ерікті жалдамалы жұмысшы ретінде қалдыру туралы анықтамасы.
Қарлаг, 13 сәуір 1943 ж.
ҚР ПА. 404 қ. 2 т. (Қарағанды қ.). 13123 іс. 1 п.

20a, b

Р. Майлинаның КСРО ІІХК Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының бас басқармасы бастығына анасы К. Майлинаны денсаулығына байланысты Қарағанды қаласынан мекен-жай беруі туралы жазған арызы, Қарағанды қ., 18 қаңтар 1944 ж.  
ҚР ПА. 404 қ. 2 т. (Қарағанды қ.). 13123 іс. 18 п.

21a,b

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Б. Майлинді  ақтау туралы қорытындысы.
Алматы қ., 11 желтоқсан 1997 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4350 іс. 239 п

22

Майнур Сарымолдаева (1904–) ҚазКСР тамақ өнеркәсібі халкомының орынбасары Қабылбек Сарымолдаевтың жары.
«АЛЖИР» мұражайы қорындағы коллекциялар каталогы. Астана, 2012. 283 б.

23

ҚазКСР ІІХК М. Сарымолдаеваға бұлтартпау шарасын тағайындау және айып тағу туралы қаулысы.
Алматы қ., 21 сәуір 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4228 іс. 1 том. 3 п.

24a.b

Тұтқындалған М. Сарымолдаеваның сауалнамасы.
Алматы қ., 25 сәуір 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4228 іс. 10, 11 п.

25

КСРО ІІХК жанындағы Ерекше Кеңесінің М. Сарымолдаеваны еңбекпен түзеу лагеріне 8 жыл мерзімге кесілгені туралы хаттамадан үзінді.
Мәскеу қ., 10 маусым 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4228 іс. 1 том. 24 п.

26

ҚазКСР ІІХК МҚБ 8-ші бөлімінің Ақмола қалалық түрме бастығына айыпталушы М. Сарымолдаеваны лагерьге бірінші этаппен жіберу туралы өкімі.
Алматы қ., шілде 1938 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4228 іс. 2 том. 12 п.

27

М. Сарымолдаевтың ІІХК-ның қызметкері А. Забилинге қамаудағы ата-анасы Қ. Сарымолдаев және М. Сарымолдаевамен хат алмасып тұруын сұраған өтініш хаты.
[?], 13 мамыр 1939 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4228 іс. 2 том. 11 п.

28a, b

М. Сарымолдаеваның КСРО ІІХК-ның басшысы Л. Берияға Ерекше кеңесінің үкімін қайта қарап, лагерьден босату туралы жазған арызы.
Ақмола қ., п/ж № 12, 9 желтоқсан 1939 ж.
ҚР ПА. 404 қ. 1 т. (Қарағанды қ.). 4228 іс. 1 том. 26 п.

29a,b

З. Сарымолдаеваның ҚазКСР ІІХК-ның Қарлаг бөлім басшысына анасы М. Сарымолдаевадан шектеуді алып тастау және шығуға рұқсат беру туралы арызы.
Той-Төбе ауылы, Орта-Чирчик ауданы, Ташкент обл., Өзбек КСР, 8 желтоқсан 1944 ж.
ҚР ПА. 404 қ. 2 т. (Қарағанды қ.). 7197 іс. 11 п.

30a,b

ҚазКСР МҚК-ның басқармасына М. Сарымолдаева өзінің және жұбайы Қ. Сарымолдаевтың ісін қайта тексеру туралы арызы.
Гиждуван қ., Бұхара обл., Өзбек КСР, 7 қазан 1956 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4228 іс. 1 том. 28, 29 п.

31

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  М. Сарымолдаеваны ақтау туралы қорытындысы.
Алматы қ., 15 желтоқсан 1994 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4228 іс. 1 том. 35 п.

32

Разия Меңдешева (1890–), ҚазОАК-нің төрағасы С. Меңдешевтің жары.
Солдан оңға қарай 2-ші: Разия Меңдешева.
Фото С. Меңдешев: құжаттары мен материалдары жинағынан алынды.  Алматы: Полиграфия сервис и К, 2021. 590 б.

33

ҚазКСР ІІХК Р. Меңдешевадан жауап алу хаттамасы.
Алматы қ., 10 мамыр 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4296 іс. 1 том. 8-10 п.

34a,b

Тұтқындалған Р. Меңдешеваның анкетасынан.
Алматы қ., 10 мамыр 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4296 іс. 1 том. 5 п.

35a,b

ҚазКСР ІІХК Р. Меңдешева жолдасы С. Меңдешевтің кеңеске қарсы қызметін біле тұра қауіпсіздік органдарынан жасырғаны туралы айыптау қорытындысы.
Алматы қ., 22 мамыр 1938 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4296 іс. 1 том. 17, 18 п.

36a,b,d

Р. Меңдешеваның ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасына соттылығын жою және Алматы қаласына тұрақты тұруға рұқсат беру туралы арызы.
Алматы қ., 27 сәуір 1945 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4296 іс. 1 том. 17-18 п.

37

КСРО ІІХК-ның №1 арнайы бөлім басшысы И. Милаев пен  № 4 арнайы бөлім басшысы С. Згогуриннің ҚазКСР ІІХК-ның милиция басқармасына Р. Меңдешеваның соттылығын жою және Алматы қ. тіркеу жөніндегі өтінішінің қараусыз қалдырылғандығы туралы хабарламасы.
Алматы қ., 11 тамыз 1945 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4296 іс. 1 том. 14 п.

38

Бибіжамал Сырғабекова (1905 –), ҚазКСР егін шаруашылығы халкомы
Н. Сырғабековтың жары.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4584 іс. 17 п.

39

Н. Башкилова әпкесі Б. Сырғабекованың баласы 4 жастағы Екпінді тәрбиелеуге қарамағына алғандығын растайтын қолхат.
Алматы қ., 22 наурыз 1938 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4584 іс. 9 п.

40

КСРО ІІХК жанындағы Ерекше Кеңесінің
Б. Сырғабекованы еңбекпен түзеу лагеріне 8 жылға кесілгені  туралы хаттамасынан үзінді.
Мәскеу қ., 22 мамыр 1938 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4584 іс. 24 п.

41

ҚазКСР ІІХК МҚБ 8-ші бөлімінің Ақмола қалалық түрме бастығына айыпталушы Б. Сырғабекованы лагерьге бірінші этаппен жіберу туралы өкімі.
Алматы қ., 14 маусым 1938 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4584 іс. 5 п.

42a,b

КСРО Жоғарғы прокурорына Б. Сырғабекованы қамаудан босату туралы өтініші.
[Ақмола қ.], 11 ақпан 1945 ж.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4584 іс. 49 п.

43a,b

ТүркӘО Әскери трибуналының мүшесі Ивановтың КСРО ІІХК жанындағы Ерекше Кеңесінің 1938 жылғы 22 мамырдағы қаулысына сәйкес Б. Сырғабекованың ісін қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы анықтамасы.
[Ташкент қ.], 18 маусым 1957 ж.  
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 4584 іс. 39, 40 п.