13.06.2024

Жеке текті құжаттармен жұмысты ұйымдастыру бойынша семинар өтті

Бүгін Жазғы мектеп аясында жеке текті құжаттармен жұмысты ұйымдастыру бойынша семинар өтті. Шараға спикер ретінде Беларусь мемлекеттік әдебиет және өнер архив-музейінің директоры Е.А. Макаренко, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің архивисті Ж.А. Ботанова, Қостанай облысының Лисаков өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы Т.Б. Мұрзаболатова, Алматы қ. мемлекеттік архивінің Архивтік құжаттарды ғылыми пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы А.С. Баданбекова қатысты. Е.А. Макаренко өз сөзінде Беларусь мемлекеттік әдебиет және өнер архив-музейінде жеке текті құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру туралы баяндап, мекемеде жеке тектік қор құрушылары ретінде музыканттар, суретшілер, актерлер мен басқа да мәдени қызметкерлердің құжаттары сақталатынын жеткізді. Архив коры құжаттарының 40 пайызы отбасылық болса, 20 пайызы архивтік топтамаларды құрайды. Жеке қорларды есепке алу үшін «Жеке қорлар» бағдарламалық модулі (электронды картотека) енгізілген.

Ж.Қ. Ботанова Президент Архивінде жеке тектік қорларды қалыптастыру тәжірибесімен таныстырды. 1998-2023 жылдар аралығында Президент Архивінде 94 жеке тектік қор қалыптастырылған. Осы кезеңде мемлекеттік сақтауға 10 128 іс қабылданған. Т.Б. Мұрзаболатова Лисаков өңірлік архивінде жеке текті құжаттарды – архивтік коллекцияларды жинаудың маңызын атап, сақтаудағы құжаттарға шолу жасады. Мәселен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тың игеруге қатысушылардың естеліктері, хаттары, фотосуреттері сақталғанын, сонымен қатар Лисаков қаласының тарихын айқындайтын жеке тектік топтамалар туралы баяндады. А.С. Баданбекова Алматы қ. Мемлекеттік архивінде жеке тектік қорлармен жұмыс барысында құжаттармен қатар жәдігерлердің архив қорына сақтауға қабылдануы туралы бірегей тәжірибемен бөлісті. Спикерлердің баяндамалары қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, өзара пікір алмасулар орын алды.