07.06.2023

Жазғы мектептің спикерлері дәріс өткізді

Жазғы мектептің спикерлері қатысушыларға арналған дәрістерін өткізіп бастады. Олардың негізгі ұстанымдары архивтерде цифрлық трансформациялау міндеттері мен білікті кадрлар дайындау жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға бағытталған.

Отандық архивтерді әлемдегі жетекші архивтердің инновациялық даму жолымен ілгерілетіп, архив ісінде барынша ашықтық пен цифрлық технологияларды ауқымды қолдануға үйрету қазіргі кезеңде ҚР Президенті Архиві үшін тәлімгерлік міндетке айналып отыр. Форумдағы дәрістер ұйымдастырушылық-әдістемелік инфрақұрылымға, цифрлық трансформациялаудағы ғылыми тәсілдер мен заманауи әдіснаманы құруға және оны іс жүзінде қолдануға, жалпы архив ісін жаңғырту мен дамытуға арналды.