05.06.2023

Жазғы мектептің алғашқы қонақтары келді

5 маусымда VI Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебінің алғашқы шетелдік қонақтары - Түрікменстан Республикасы Ахал велаяты мемлекеттік архивінің директоры А.К. Акмаммедов пен Түрікменстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің шаруашылық есеп бөлімінің меңгерушісі Я.З. Атаев Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне келді.

Түрікмен әріптестермен кездесуде Архив директоры Ә.Қ. Мұстафина Архив қызметімен таныстырып, архив саласындағы республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен ғылыми-зерттеу жобалары туралы айтып берді. Кездесу барысында қонақтарға архивтік құжаттарды цифрлау және қалпына келтіру қызметтері мен оқу залының жұмысы таныстырылған экскурсия ұйымдастырылды.