01.06.2023

Жас архившілердің VI халықаралық жазғы мектебі

VI Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі 2023 жылдың 7-9 маусым аралығында өтеді. Жазғы мектептің ұйымдаcтырушылары - Қазақстан Республикасы Президентін Архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті. Оның жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Танзания, Түркіменстаннан 100-ден астам архившілер қатысады. Жазғы мектепте Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Түркия және Ресейдің ғалымдары мен тәжірибелі мамандары архив ісі бойынша дәріс оқиды.

2023 жылдың 7 маусымында сағат 10.00-де (Астана қ. уақытымен, GMT +6) Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде VI Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебінің ресми ашылу рәсімі өтеді. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің басшылығы, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь пен Өзбекстан, Ресейдің архив мекемелерінің басшылары қатысады.