08.11.2022

Павлодар облыстық Мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Н. А. Кубиктің "Ашық қоғамға – ашық Архив" архившілердің І Конгресі жайлы пікірі

Алматы қаласында өткен ҚР Президентінің Архиві ұйымдастырған "Ашық қоғамға – ашық Архив" архившілердің І Конгресі Қазақстан архившілерінің өміріндегі үлкен оқиғалардың бірі болды. Конгресс халықаралық дәрежеде өтті, БҰҰ, ЮНЕСКО, ХАК (Халықаралық архивтер кеңесі) өкілдері және әлемнің 15 елінен мамандар қатысты. Олардың қатарында Канада, АҚШ, Франция, Польша, Ресей, Қырғызстан және өзге елдерден келген архившілер бар. Конгрестің ашылу салтанатында мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың сәлемхаты оқылды, бұл шараның маңыздылығын кезекті рет дәлелдеді. Мұндай үлкен шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе болды. Конгресте архив ісін дамыту, ұлттық жадыны сақтау, архив құжаттарына ашық қол жеткізу мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақстанда архив қызметі алдыңғы қатарда, ол қашанда қоғам үшін ашық. Конгресс архивтік құжаттар дегенде ойға келетін шаң басқан қағаздар емес, мемлекеттің стратегиялық ақпараттық ресурсы және рухани дамудың сарқылмас көзі екенін дәлелдеді. Президент Архивінің директоры А.Қ. Мұстафинаға және Конгрестің барлық ұйымдастырушыларға Қазақстанның архив қызметін, оның ішінде халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.