04.09.2023
Алматыда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы атап өтілді
2023 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Архиві Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған дөңгелек үстелге қатысты. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік университеті, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ЮНЕСКО аясындағы мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы, Қазақ радиосы («Достық» бағдарламасы), Қазақстан жазушылары кітапханасы және Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрымен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы этно-мәдени бірлестіктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, Алматы қаласының орта білім беру мекемелері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің аға ғылыми қызметкері Е. В. Чиликова ақын, публицист, аудармашы, ұстаз, Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны туралы 1990 жылдардың соңынан бастап архившілер жинаған деректер негізінде дайындалған баяндамасымен таныстырды. Қазақстан халқының тілдері күніне арналған ісшарада, біртуар ақын Мағжанның өлеңдерін кәсіби дикторлар мен өнер қайраткерлері, студенттер мен мектеп оқушылары қазақ және өзбек, неміс, ағылшын және иврит тілдерінде оқыды.