29.08.2024

Ыстанбұл қаласындағы іс-сапар жалғасуда

2024 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві қызметкерлерінің Осман архивтерімен тәжірибе алмасу шаралары жалғасуда. Түрік мамандар өз қызметтер негізінде физикалық беріктігі нашарлаған әрі жұқарған құжаттарды қалпына келтіру жұмысы қалай жүргізілетінін түсіндірді. Олар құжаттарды қалпына келтіру шараларының ішінде бұл өте күрделі жұмыстардың бірі екенін айтып, рет-ретімен баяндап берді. Алдымен құжаттарды тазалап, зарарсыздандыру жүргізіледі.

Келесі кезекте құжат негізінің беріктігін арттыру үшін арнайы қағаз түрі таңдалып, бүлінген аумақ көлеміне сай беріктеу жұмысы басталады. Түркиялық әріптестер қағаздың жағдайына байланысты жалпы бұл үрдіс бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін жеткізді. Содан кейін ғана, яғни жұмыс толық аяқталғанда арнайы мамандар жұмыс сапасын тексеріп, базаға енгізеді. Соңында қалпына келтірілген құжат қоймаға қайтарылатынын атап өтті.