28.11.2022

Ғылыми кеңестің кезекті жиыны өтті

2022 жылғы 25 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Архивінінің Ғылыми кеңесінің екінші отырысы аралас (онлайн-офлайн) форматта өтті. Кеңестің отырысын оның төрайымы, Архив директоры – Ә.Қ. Мұстафина ашып, жүргізді. Күн тәртібіне сәйкес кеңестің хатшысы, Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының ғылыми қызметкері Т.Ж. Мақанбаевтың 2022 жылғы 18 мамырдағы алғашқы отырыстың №1 хаттамасындағы шешімдердің орындалу барысы туралы баяндамасы тыңдалды. Онда 1. Ғылыми кеңестің Ережесі мен дербес құрамы туралы; 2. «Вооруженные Силы Республики Казахстан. 1991–2001 гг.: сборник документов и материалов» жинағының қолжазбасын талқылау; 3. «Из истории депортаций. Казахстан. 1945–1959 гг.» құжаттар жинағының қолжазбасын талқылау; 4. «Тәуелсіз Қазақстан астанасының тарихы архив құжаттарында» құжаттар жинағының қолжазбасын талқылау; 5. «Ж. Сәдуақасов. Құжаттар және көсемсөздері» құжаттар жинағының проспект-жоспарын талқылау тақырыбындағы мәселелерді қарау қолға алынған болатын. Одан кейін ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы, с.ғ.д, профессор, кеңес мүшесі – Г.Р. Нұрымбетова Орталықтың 2022 жылғы жұмысы туралы баяндап берді. Сондай-ақ, Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының 2022 жылғы жұмысымен Орталықтың басшысы Г.Ж. Мұқажанова таныстырып, «Научно-методическая обеспеченность деятельности Архива Президента Республики Казахстан и актуальные направления организации работы на 2023-2025 гг.» атты талдамалық шолу жұмысының қорытындысы туралы баяндама жасады. Бұл бағытта көтерілген мәселенің бір тармағына осы Орталықтың аға ғылыми қызметкері Е.С. Сыздыкова тоқталып, «Казахстанские учебные и учебно-методические пособия по архивоведению периода независимости (1991-2021 гг.)» атты талдамалық шолу жұмысының қорытындысымен таныстырды. Одан кейінгі күн тәртібіндегі меселе Архивте биыл ашылған Оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмысы туралы осы Орталықтың басшысы М.Т. Жылгелдиновтың баяндамасы тыңдалды. Жиын барысында Ғылыми кеңестің жалпы жұмысы туралы оның мүшелері ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Дүниежүзі тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Г.К. Көкебаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры м.а., т.ғ.д. А.С. Ысқақ және ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінің бастығы, PhD, қауымдастырылған профессор Н.Т. Асылов пікір айтып, «Казахстанские учебные и учебно-методические пособия по архивоведению периода независимости (1991-2021 гг.)» атты талдамалық шолу жұмысын басылымға жіберуге қолдау білдірді.

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Ғылыми кеңесінің бүгінгі отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, кеңестің төрайымы - Мұстафина Әлия Құсайынқызы; Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары, т.ғ.д., кеңестің төрайымның орынбасары - Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы; ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Дүниежүзі тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор (келiсiм бойынша), кеңес мүшесі - Көкебаева Гүлжауһар Кәкенқызы; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор (келiсiм бойынша), кеңес мүшесі - Қозыбаев Ілияс Манашұлы; Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор (келісім бойынша), кеңестің мүшесі - Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры м.а., т.ғ.д., кеңес мүшесі - Ысқақ Ақмарал Сыдығалықызы; ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінің бастығы, PhD, қауымдастырылған профессор (келiсiм бойынша), кеңес мүшесі - Асылов Нұртаза Тұрабекұлы; Архивтің оқу-әдістемелік орталығының басшысы, кеңес мүшесі - Жылгелдинов Мұхаммед Тұрсынбекұлы; Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының басшысы, кеңес мүшесі - Мұқажанова Гүлнара Жұмағұлқызы; ХХ ғ. саяси құғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы, с.ғ.д, профессор, кеңес мүшесі - Нұрымбетова Гүлшат Рамазанқызы; ХХ ғ. саяси құғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының аға ғылыми қызметкері Чиликова Евгения Викторовна; баяндамашы ретінде Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының аға ғылыми қызметкері – Сыздыкова Елена Степановна; Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының ғылыми қызметкері, кеңестің хатшысы – Мақанбаев Талғат Жандосұлы қатысты.