07.06.2023

VI Халықаралық Жазғы мектебінің ашылуы өтті


2023 жылғы 7 маусымда жас архившілердің VI Халықаралық Жазғы мектебінің ашылуы өтті. Жазғы мектеп ТМД елдерінің архившілерінің кәсіби ортасында тәжірибе алмасуға және білім жаңарту мақсатында ұйымдастырылып бастаған болатын. Бүгінгі таңда білім беру форумының географиясы кеңейіп, ТМД-дан тыс мемлекеттердің қатысуымен тұрақты серіктестер пайда болды.


Форумның ашылуы ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі Н.Т. Төлеевтің құттықтауымен басталды. Сонымен қатар, биылғы қатысушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Қ. Түймебаев пен Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетінің өкілдері, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Ресейдің архив мекемелерінің басшылары құттықтау сөздерін жолдап, жылы лебіздерін білдірді.

Жазғы мектеп тек қазақстандық архивтер емес, бірнеше елдің архив қауымдастығы асыға жаңалық күтетін іргелі басқосуға айналып отыр.