08.11.2022

Архивте Конгрестің нәтижесі бойынша жиын өтті

ҚР Президенті Архиві мен Халықаралық архивтер кеңесінің (ІСА) 2022 жылғы 19-21 қазан аралығында бірлесіп өткізген «Ашық қоғамға – ашық Архив» архившілердің халықаралық Конгресіне БҰҰ, ЕО, Азия және АҚШ, ТМД-ның 15-ке жуық елінен жетекші ғалымдар, сарапшылар мен мамандар қатысты. Архив ісін дамыту мәселелері 8 жұмыс алаңында талқыланды. Форум барысында сессияның форматы мен мазмұны бойынша ғылыми семинарлардан бастап мектеп оқушылары конкурсының қорытындысы және Алматы метросындағы архивтік көрмелерге дейін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл форматтағы форум архившілер арасында алғаш рет өтіп отыр. Конгрестің жұмысы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Ұйымдастырушылардың өңірлерден келген және шетелдік қонақтарға арналған мәдени бағдарламасы да өзгешелігімен есте қалды. Конгресс қатысушылары Алматының архивтері мен музейлерін, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрын, Шымбұлақ тау-шаңғы курортының туристік базасын және т.б. қаланың көрікті жерлерін тамашалап қайтты.

Нәтижесінде шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысып, зор үлесін қосқан және ҚР Президенті Архивінің халықаралық тұрғыдағы танымалдылығын арттыруға өз септігін тигізген әріптестеріміз Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы Бақытжан Шөмішбайұлы Сариевтің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Олар: ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы, с.ғ.д., профессор Гүлшат Нұрымбетова, Баспасөз қызметінің басшысы Жанар Сатаева, Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс қызметінің басшысы Данияр Мұқатаев, Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Мұхаммед Жылгелдинов, Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының басшысы Гүлнара Мұқажанова, Цифрландыру және электрондық архивтерді дамыту қызметінің басшысы Құралай Қабарова, Баспасөз қызметінің аға сарапшысы Әйгерім Бақтыбаева, Оқу-әдістемелік орталығының сарапшысы Ботагөз Бейсенбекқызы. Бұл өз кезегінде Президент Архивінің қызметкерлеріне ұжымдық рух сыйлап, олардың кәсіби қызметтеріне қызығушылығын арттыратын қолдау деп есептейміз.