13.02.2023
Архивтегі кездесу
14 ақпанда Ресей Ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығының делегациясымен кездесу өтті, оның құрамында Орталық жетекшісі, ф.ғ.к. В.В. Куканова, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.д. К.В. Орлова, ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Б.А. Оконов бар. Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина архивтің қызметі туралы айтып, кеңестік кезеңде Қазақстан аумағына жер аударылған бұрынғы КСРО халықтарының тарихы бойынша жаңа материалдарды ғылыми айналымға енгізу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қазақстанда қалмақтарды орналастыру туралы архивтік материалдар «Депортация тарихынан. Қазақстан. 1939-1945» жобасының ІІІ томында жарияланған болатын. Қазіргі уақытта құжаттар жинағының IV томы басылымға дайындалуда. Кездесу барысында бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін әріптестермен ынтымақтастық жасау жоспарға алынды.