Толықтыру көздері болып табылатын мекемелерге Алғыс хаттар тапсыру

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын және «Архившілер күні» кәсіби мерекесіне орай, ҚР Президенті Архивінің директорының орынбасары Б.Қ. Жұмабековпен, Нұр-Сұлтан қ. Басқармасының басшысы Ә.С. Несіпбаев 2021 жылғы 22 желтоқсанда Архивтің толықтыру көздері болып табылатын мекемелердің архив ісіне және іс қағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлеріне алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды. Алғыс хаттар еліміздің Ұлттық архив қоры құжаттарының тиісті талапқа сәйкес сақталуына, құжаттама және архив ісіндегі жұмыстардың жүзеге асырылуында белсенділікпен еңбек етіп келе жатқаны үшін берілді.