17.02.2023
«Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафоны туралы брифинг өтті
2023 жылғы 17 ақпанда Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде Архив тарапынан ҚР «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафоны туралы баспасөз-конференциясы өтті.
Шараға ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина, директорының орынбасары Қ.Ш. Әлімғазинов, ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы Г.Р. Нұрымбетова қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Брифингте баяндама жасаған Ә.Қ. Мұстафина Ұлттық архив қоры туралы, жалпы архив ісінің нормативтік-құқықтық реттелу жолы мен тарихи даму кезеңдеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол ҚР Президенті Архивінің қоғамдағы ерекше рөлі мен миссиясын және оның мақсаттары мен жаңғырту бағыттарын баяндап, Архивтің жұмысымен үйлестіре отырып өткізіп жатқан архивтік марафоны аясындағы іс-шаралар туралы айтып берді.
Архивтік марафон туралы толық ақпаратпен ҚР Президент Архивінің сайты мен әлеуметтік желілерінен таныса аласыздар.