08.08.2024
Тәжікстан Республикасының Орталық мемлекеттік кинофотофоноқұжаттар архивіне 80 жыл
Бүгін Душанбе қ. Тәжікстан Республикасының Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивінің 80 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы кинофотофоно архивтер: дамудың өзекті бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы басталды. Конференцияда ТМД елдері архивтерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Конференцияны Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Бас архив басқармасы, Федералды архив агенттігі (Россархив) және Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институты (ВНИИДАД) ұйымдастырды. Шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина тәжік әріптестерімізді мерейтойымен құттықтады. Ол өз сөзінде 1920 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын Тәжікстан Республикасының Орталық мемлекеттік кинофотофоноқұжаттар архивінің бірегей қорлары зерттеушілер үшін де, қарапайым азаматтар үшін де құнды болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, соңғы жылдары қазақстандық және тәжік архив мамандарының кәсіби ынтымақтастығының артуын атап өтіп, бұл біздің елдеріміз арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға үлкен үлес қосатынна баса назар аударды. Конференция барысында қатысушылар тарихты насихаттау және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін архивтік құжаттарды пайдалану мәселелерін, аудиовизуалды құжаттарды сақтаудағы заманауи тәсілдерді және олардың жаңа форматтарын талқылады. Тәжікстандық әріптестер архивтердің тарихы, қызметі және олардың қорларында сақталған бірегей құжаттар туралы толығырақ айтып берді.