28.08.2024

Түркия архивтерімен танысу жалғасуда

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві қызметкерлерінің Түркия Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. 2024 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Құсайынқызы Мұстафина Түркия Республикасының мемлекеттік архивтер басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы (General Director of State Archives) Мұхаммед Ахмет Токтемірді (Muhammet Ahmet Tokdemir) жауапты қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Кездесуде ҚР Президенті Архивінің түрік әріптестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екені айтылды.

Сонымен қатар қазақстандық делегация мүшелері Осман архивтерінің құжаттарды қалпына келтіру бөлімінің жұмысымен танысты. Бөлім басшысы Әлі Токөз (Ali Toköz) қазақстандық архившілерге өзі басқарып отырған саланың негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында құжаттарды қалпына келтіру орталығына шақырды. Реставратор мамандар құжат парақтарының жоғалған бөліктерін қайта қалпына келтіру және көгерген бөліктердің одан әрі тарамауы үшін алдын алу тәсілдерін бөлісті.