24.11.2022

Студенттер ҚР Президенті Архивінің жұмысымен танысты

24 қарашада ҚР Президентінің Архивінде Алматы қаласындағы Д.А. Қонаев атындағы колледждің оқытушылары және студенттерімен кездесу өтті. Шара колледж басшылығының бастамасымен Президент Архивінің қызметімен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуді ашқан ҚР Президенті Архивінің Оқу-әдістемелік орталығының басшысы М.Т. Жылгелдинов қатысушыларға Архивтің құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Студенттер үшін архив ісі және іс қағаздарын жүргізу бойынша республикалық олимпиада, жас архившілердің Жазғы мектебі, архив мекемелерінің жас мамандары арасындағы республикалық конкурс ерекше қызығушылық тудырды. Шара соңында студенттер үшін Архивте экскурсия ұйымдастырылды.