19.09.2025
Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының архившілері Президент Архивіне келді
19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің басшылығы, оның 14 аудандық филиалының жетекшілері, сондай-ақ Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің директоры келді.
Қонақтарды ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина қарсы алды. Ол меймандарға мекеменің қызметі, мүмкіндіктері мен техникалық жабдықталуы туралы әңгімеледі.
Өңірлік әріптестер үшін архив қоймаларына, сондай-ақ құжаттарды қалпына келтіру және сақтау зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Олар сонымен қатар оқу және көрме залдарын аралап, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған тарихи-құжаттық көрмемен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша қонақтар архив ісінде цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізудің өзектілігін атап өтті. Осыған орай өңірлік архив басшылары Президент Архивімен өзара ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби шеберліктерін арттыруға ерекше ықылас білдірді.