12.03.2023

Дипломатиялық қызмет өкілдеріне арналған семинар

2023 жылғы 9-10 наурызда ҚР Президенті Архивінің архив қорын жасақтау және қалыптастыру қызметі ҚР Сыртқы істер министрлігі және оның шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне семинар өткізді. Іс-шараның ашылуында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры Қанат Шекқалиев «Құжаттаманы ұйымдастыру басқармасы және құжаттарды архивте сақтау» семинары тақырыбының өзектілігін атап өтіп, құжаттандыру процестерін талдау мұнда негізгі және қосалқы сәттердің жоқтығын көрсететініне назар аударды. Құжаттаманы дұрыс ұйымдастыру - бұл барлық қызметкерлердің олардың ішінде басшылар, орындаушылар, Кеңсе өкілдері және т.б. жауапкершілігінде. ҚР Президент Архиві директорының орынбасары Бейсембай Жұмабеков Сыртқы істер министрлігінде құжаттандыру процестеріне және қызметтік құжаттармен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейтін ведомствоішілік нормативтік құжаттар әзірленгенін, архивтік құжаттарды сақтау үшін жағдайлар жасалғанын, архивпен бірлесіп қоғамдық маңызы бар іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жалпы, іс-жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат – хабарларды қабылдау, өңдеу және бөлу, ведомтволық архивтік сақтау ҚР заңнамалық нормативтерге сәйкес келеді.

Орталық аппарат қызметкерлері үшін семинар дәстүрлі форматта «QAZAQSTAN» атты СІМ ғимаратының салтанат залында ұйымдастырылды. Министрліктің шет мемлекеттердегі мекемелеренің қызметкерлері үшін оқыту онлайн форматта өткізілді. Архив саласыңдағы қызметкерлерге келесі тақырыптар ұсынылды: Электрондық құжат айналымы, архивтік сақтау және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік – құқықтық актілері; Құжаттың деректемелерін рәсімдеу тәртібі; ҚР СІМ-де және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінде істер номенклатурасын тағайындау және жасау; Істерді қалыптастыру тәртібі және ұйымдағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелердің қызметінде құрылатын құжаттар тізбесін қызметкерлердің жұмысында сақтау мерзімдерін көрсете отырып қолдану мәселелері нақты мысалдарда талқыланды.