28.10.2022

Архивте жинақтау көздері мекемелерінің қызметкерлеріне арналған семинар өтті

2022 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде мекемелерде ведомстволық архивтердің жұмыстарын ұйымдастыру және істер номенклатурасын дайындау мәселелеріне арналған семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – жалпы ведомстволық архив жұмысын дұрыс ұйымдастыру мәселелерінде және құжаттарды сақтау үшін оңтайлы жағдай жасауда, сонымен қатар істер номенклатурасын дайындау бойынша Архивтің жинақтау көздері мекемелеріне әдістемелік көмектер көрсету болып табылады. Семинарда Архивтің жинақтау көздері мекемелеріне ведомстволық архивтердің жұмыстарын ұйымдастыру және құжаттардың сақталу тәртібін қамтамсыз ету және оның маңыздылығы туралы мәселелерді, Сараптама комиссиясының міндеттері мен қызметтері және істерді мемлекеттік сақтауға тапсыруға дайындау туралы Архив қорын қалыптастыру қызметінің бас сарапшысы Ж.С. Зейнелов айтып берді.

 Қоғамдық бірлестіктерде істер номенклатурасын дайындау тәртібі, ерекшеліктері жайлы Архив қорын қалыптастыру қызметінің аға сарапшысы Ф.Т. Дуванова айтты. Сонымен қатар ол семинарға қатысушыларды іс жүргізу және архив ісі бойынша жаңа әдістемелік құжаттармен таныстырды.
Семинар жұмысынан кейін қатысушыларға экскурсия өткізіліп, онда қойма, оқу залының, құжаттарды цифрлау жұмыстары таныстырылды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жинақтау көздері мекемелерінің іс қағаздарын жүргізу және архив жұмысына жауапты қызметкерлері қатысты.