31.05.2024

Саяси қуғын-сүргін тарихы: құжаттардағы қасірет

Бүгін ҚР Президентінің Архивінде Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін тарихы: құжаттардағы қасірет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс шараға ғалымдар, тарихшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, архившілер қатысты. Дөңгелек үстелдің ашылуында ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина Архивте екі жыл ішінде ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға қатысты құжаттарды қабылдау және орналастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп, ендігі кезекте оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорына енгізу жұмыстары қолға алынғанын атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысында Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері Д.Д. Сүлейменова, Қ.Қ. Сәрсембина, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры филология ғылымдарының докторы Т.Ә. Қоңыратбай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценттері Б.О. Жангуттин, Ш.Т. Нұрман, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті А.Ж. Өтеғалиева, Тұран университетінің профессоры А.Т. Мұхамбедьярова баяндама жасады. Шара барысында қатысушылар назарына архив құжаттары негізінде дайындалған «Елімнің есіл ерлері: С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, Б. Майлин» атты тарихи-құжаттық көрме ұсынылды.