17.05.2024
С.Қ. Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай құжаттар жинағы жарық көрді
2024 жылғы 17 мамырда Астана қаласындағы Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында Кеңес Одағының Батыры, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған симпозиум өтті. Симпозиум аясында «Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов. Кеңес Одағының Батыры. Халық Қаһарманы. Мемлекет қайраткері» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Р.Ф. Жақсылықов, «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңес төрағасы, Халық Қаһарманы, армия генералы М.Қ. Алтынбаев, «Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Президенті А.Н. Рыспаев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ С.Қ. Нұрмағамбетовтың қызы Айсұлу Сағадатқызы бейнетаспада бүгінгі іс-шараның өткізіліп жатқанына ризашылығын білдіріп, әкесі жайлы естеліктерді бөлісті. Жиында ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина С.Қ. Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған симпозиумның ашылуымен құттықтап, аталмыш шара жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент Архивінде елміздің саяси тарихын түгендейтін құжаттар сақталатынын, оның ішінде көрнекті мемлекет қайраткерлерінің жеке тектік қоры бар екенін атап өтті.
Бүгінгі шараға дайындалған көрмедегі құжаттар Президент Архивіндегі С.Қ. Нұрмағамбетовтың жеке тектік қорынан алынғанын жеткізді. Жарық көрген жинақ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде батырдың қызметтік және кәсіби қызметі туралы құжаттар С.Қ. Нұрмағамбетовке жазған жолдастарының хаттары, екінші бөлімде басылымдарда жарияланған баяндамалар, естеліктер, мақалалар, сұхбаттар, үшінші бөлімде С.Қ. Нұрмағамбетов туралы жарияланымдар, мақалалар, арнаулар, естеліктер жарияланды. Жиында ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина С.Қ. Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған симпозиумның ашылуымен құттықтап, аталмыш шара жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент Архивінде елміздің саяси тарихын түгендейтін құжаттар сақталатынын, оның ішінде көрнекті мемлекет қайраткерлерінің жеке тектік қоры бар екенін атап өтті. Бүгінгі шараға дайындалған көрмедегі құжаттар Президент Архивіндегі С.Қ. Нұрмағамбетовтың жеке тектік қорынан алынғанын жеткізді. Жарық көрген жинақ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде батырдың қызметтік және кәсіби қызметі туралы құжаттар С.Қ. Нұрмағамбетовке жазған жолдастарының хаттары, екінші бөлімде басылымдарда жарияланған баяндамалар, естеліктер, мақалалар, сұхбаттар, үшінші бөлімде С.Қ. Нұрмағамбетов туралы жарияланымдар, мақалалар, арнаулар, естеліктер жарияланды.