24.05.2023

Роза Кәрібжанова ҚР Президенті Архивінің директорының орынбасары болып тағайындалды

ҚР Президенті Кеңсесінің бастығымен келісіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының бұйрығымен Кәрібжанова Роза Самидоллақызы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасары болып тағайындалды.

Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы Қима ауданы Үкі ОМ тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып бастады.
1988-2000 жылдары Торғай, одан кейін Семей облыстарында оқу-ағарту және жастар саясаты саласында бірқатар қызметтер атқарды.
2000-2003 жылдары — ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Архив және құжаттаманы басқару комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы.

2003-2008 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы.
2008-2016 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.
2016-2020 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшы лауазымдарында жұмыс істеді.
2020 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2022 жылғы қаңтар мен 2023 жылғы мамыр аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы болып қызмет етті.