22.10.2022

Республика күніне арналған салтанатты жиын

22 қазанда Казақстан Республикасы Президентінің Архивінде Ұлттық мерекеміз Республика күнінің мәртебесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың атынан мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, ҚР Президенті Архивінің Инженерлік-пайдалану қызметінің басшысы Шайлазымов Б.Ж. және Архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметінің басшысы Бекішева Г.О. 2022 жылғы 14 қазандағы Президент Жарлығы бойынша Құрмет грамотасына ие болды. Дәл осы Жарлықпен Архивтің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының аға ғылыми қызметкері Чиликова Е.В. «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Марапаттау рәсімі жалғасып, Республика күні Ұлттық мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Медеу аудандық әкімдігінің бірлескен шараларына белсенді атсалысқаны және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты дамытқаны үшін Медеу ауданы әкімі Е.Оразалиннің атынан Архивтің Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының ғылыми қызметкері Мақанбаев Т.Ж. және Инженерлік-пайдалану қызметінің бас инженері Капенов А.Ө. Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ ҚР Президенті Архивінің директоры он үш әріптесімізге сенім білдіріп, Қазақстан Республикасы күніне орай және Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі жұмысын жемісті әрі беделді түрде атқарып, жоғары жауапкершілікті көрсеткені үшін Алғыс хаттар тапсырды. Олар: Архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметінің сарапшысы – Акимжанова Д.Н., екінші санаттағы архивші – Ахметова А.И., архивші - Искакова Г.Е.; Архив қорын қалыптастыру қызметінің архившісі - Турмтаева Ж.Н.; Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметінің жетекші сарапшысы – Дараева Г.К.; ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының ғылыми қызметкері – Шотаев М.Т., аға сарапшы – Узбеков Ж.Қ.; Цифрландыру және электрондық архивтерді дамыту қызметінің сарапшысы Шорманова А.И.; Инженерлік-пайдалану қызметінің механигі – Шамшимов Н.Ж., техник – Кусайынов А.Д., қызметтік жайларды тазалаушылары – Нурдинова Ш.С., Мусагулова Г.Б., Накисбекова З.Ж. және Чернышкова Л.А.

Салтанатты жиынды ашқан Архив директоры Ә.Қ. Мұстафина ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, архивтік құжаттырдың негізінде Республика күнінің тарихына қатысты баяндама жасады. Ол өз сөзінде 25 қазан – Республика күнінің әр жылдағы мәртебесі туралы тоқталып, қабылданған заңдар туралы баяндап берді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің егемендігі туралы Декларация қабылдаған күнін мемлекеттік мереке деп танылған болатын. Бұл Декларацияның сол жылғы бір көшірмесі ҚР Президенті Архивінде мемлекеттік сақтауда тұр. Биылғы жылдың 16 маусымында Президент Ұлттық Құрылтай отырысында Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізу туралы сөз қозғап, Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде бекітілді. Бұл оқиға отандастарымыздың жаппай қолдауына ие болып отыр. Еркіндікке қадам басып, елдігіміздің негізін қалаған күн – 25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесі құтты болсын әріптестер, деп тоқталды. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов пен мемлекет және қоғам қайраткері, э.ғ.д., профессор, архивтің жеке қор құрушысы А.М. Шаменов Архивтің қызметкерлерін Республика күнімен құттықтады. Профессор Х.М. Әбжанов өз кезегінде Декларация қабылданар алдындағы биліктегі болған жағдайлар мен әр түрлі ұсыныстарды тізбектеп айтып берді. Кеңес үкіметі мен Қазақ КСР-нің жаңа қабылданған заңдарының айырмашылығын талдап, Декларацияның құндылығын түсіндіріп өтті. Одан кейін сөз алған профессор А.М. Шаменов Декларация қабылдау науқанындағы және егемендіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық мәселелерді еске алып, қызмет барысындағы қызықты жағдайлармен бөлісті. Одан бөлек отансүйгіштік сезімді шыңдау, әділ азаматтық қоғам құру бағыттарында қызмет етуге шақырып, Архивті дамыту мен қолжетімділігі туралы ұсыныстарын айтып өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві отандастарымызды Республика күні Ұлттық мерекесімен құттықтайды. Еліміздің көк аспаны ашық әрі тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгілік болсын.