23.10.2026
Республика күні қарсаңында Архив қызметкерлері марапатталды
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ұлттық мереке қарсаңында Архив қызметкерлеріне ел дамуына және архив ісіне қосқан үлестері үшін марапаттар табысталды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу қызметінің басшысы Гауһар Бекішева және Құжаттардың құндылығын сараптау секторының меңгерушісі Жәнібек Зейнелов, Архив қорларын ұйымдастыру және сараптау қызметінің басшысы Гүлнәр Мұқажанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Президент Архивінде 20 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан Гауһар Бекішева еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағаланғанына алғысын білдіріп, жас мамандарды өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби тұрғыдан үнемі дамуға шақырды.
Сонымен қатар бірқатар қызметкер кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және нәтижелі жұмыс атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының атынан Алғыс хаттарға ие болды.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!