05.01.2023

Ынтымақтастық ауқымы кеңейді

2023 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Е.Қ. Әбіл іскерлік әріптестікті дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мемлекеттік басқару Академиясы мемлекеттік органдардың қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жоғары оқу орны мәртебесіне ие мекеме. Қол жеткізілген ынтымақтастық – білім беру және ғылыми зерттеулер, кәсіби құзыреттерді жетілдіру саласындағы тиімді серіктестікті ұйымдастыруға бағытталатын болады.

Меморандумға сәйкес Архив пен Академия: - ғылым мен білім беруді дамытудың нақты, өзара қызығушылық тудыратын және тиісті перспективалық бағыттары бойынша бірлескен ғылыми, практикалық зерттеулер жүргізуге; - оқу-әдістемелік кешендері мен зерттеу жобаларын әзірлеуге қатысуға; - қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын қоса алғанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға; - ғалымдарды шақыру және қабылдау, өзара қызықтыратын тақырып бойынша оқу семинарларын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, тақырыптық пікірталастарды ұйымдастыруға және т.б. ниетті; Сонымен қатар, Архив өз кезегінде Академия тыңдаушыларына теориялық және практикалық сабақтарды қамтитын құжаттама және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша арнайы оқу бағдарламаларын дайындайтын болады.