ҚР Президентінің Архивінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

01.09.2020

ҚР Президентінің Архивінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

2020 жылдың 9 қыркүйегінде ҚР Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында онлайн-жиналыс өтті.

Жиында сөз сөйлеген Архив басшысы Ж.Ү. Әбдіқадырова Жолдаудың маңыздылығына тоқтала келе: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер бойынша кадрлық саясатты қайта қарастыру, бәсекеге қабілетті маман болу заманның талабы. Мемлекет басшысы Жолдауда сонымен қатар цифрландыру мәселесіне де арнайы тоқталып отыр. ҚР Президентінің Архивінде құжаттарды цифрлық жүйеге көшіру жаңа жүйесі енгізіліп, архивтік технологияларды замануи нысандар мен әдістерге ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, осы жүйелерді әрі қарай дамыту – біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады» деп атап өтті.

Шара аясында ҚР Президенті Архивінің Нұр-Сұлтан қ. басқармасының бас сарапшылары Ә.С. Несіпбаев, Қ.М. Мұрзабекова, Ақпаратты-әдістемелік жұмыс басқармасының бас сарапшысы Ж.М. Әсенова, Ақпараттық технологиялар басқармасының сарапшысы Х.С. Бегалаев Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ қызметкерлер Президент Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы іске асыру бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.