ҚР Президенті Архивінің Ғылыми кеңесі қазақстандық ғылымының тарихы туралы жинақ жобасын талқылады
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында сарапшылар баспа жобалары мен архив ісі мәселелері бойынша үш аналитикалық шолуды таныстырды.
Шолулардың бірі арнайы мемлекеттік архивтердегі құжаттардың құндылығын сараптау кезінде квалиметриялық әдістерді қолдануға, олардың мүмкіндіктері мен шектеулеріне және даму перспективаларына арналған. Екіншісінде архив мекемелерінің цифрлық трансформациясы жағдайындағы Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілері мен ұлттық стандарттарына кешенді талдау жасалған. Ал үшінші шолу құжаттану мен архив ісіндегі заманауи терминологиялық жүйеге арналған.
Сондай-ақ кеңесте 1930-1950 жылдардағы қоғамдық-саяси үдерістер контекстіндегі қазақстандық ғылымның дамуы туралы құжаттар жинағының жобасы қаралды. Сонымен қатар Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастарға 35 жыл толуына орай әзірленген екі елдің серіктестігі туралы тарихи-құжаттық фотоальбомның макеті таныстырылды.
Ғылыми кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды талқылап, сараптамалық бағаларын білдірді және жобаларды пысықтау жөнінде ұсыныстар берді. Талқылау қорытындысы бойынша кеңес оларды одан әрі жетілдіру және ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеп, тиісті шешімдер қабылдады.
Айта кетейік, 2025 жылы Архив алты құжаттар жинағын және «Жаңа архив» журналының төрт санын шығарды.