30.08.2023

ҚР Президенті Архивінің тарихи-құжаттық көрмесі Таразда өтті

2022 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Архивінің құжаттары негізінде дайындалған «Қазақстан Республикасының Конституциясы ˗ мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»-атты тарихи-құжаттық көрме өтті. Көрменің тақырыптық- экспозициялық жоспары 1992-2000 жылдардағы ҚР Конституцияын әзірлеу, талқылау және қабылдау туралы материалдар, жарлықтар, конституциялық заңдар, мемлекет басшысының Парламент мәжілістердегі, баспасөз беттеріндегі сөйлеген сөздері және 1995 жылғы референдум қорытындылары және тағы басқа құжаттарды қамтыды.

Көрмені ҚР Президенті архивінің бірінші санатты архивисті Б. Т. Тәжібаева мен сарапшы Г. Н. Дүйсенова таныстырды. Көрменің ашылуына Жамбыл облысының әкімі Н.М.Нұржігітов қатысып тұрғындарды осы ұлы мерекемен құттықтады. Конституция іс жүзінде тәуелсіз Қазақстаннның қалыптасуының алғашқы кезеңінің аяқталуын белгілеп, қоғам өмірінің барлық салаларының жүйелік реформаларына бастау сала отырып, мемлекетіміздің дамуының жаңа бетін ашты. Ата заңымыз бүгінгі таңда халықтың құқығы мен бостандығын қорғап, мемлекетіміздің біртұтастығын қамтамасыз етіп отыр.