01.09.2026
ҚР Президенті Архивіндегі оқу залының жұмыс кестесі өзгерді
Құрметті зерттеушілер! Архив құжаттарымен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау және құжаттарға қолжетімділікті арттыру мақсатында 1 қыркүйектен бастап ҚР Президенті Архивінің оқу залы жаңа жұмыс кестесіне көшетінін хабарлаймыз.
Енді оқу залы дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс – сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Әр айдың соңғы жұмыс күні – санитарлық күн (бұған дейін әр жұма санитарлық күн болған еді).