27.09.2024

Президент Архивінің жинақтау-көздері ұйымындағы семинар

26 қыркүйете Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ҚР ПІБ Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасында құжаттаманы басқару және архивтік сақтау» тақырыбында семинар өткізді. Семинар Президент Архивінің жинақтау-көздері ұйымдарымен бірлескен құжаттаманы дамыту және құжаттарды ведомстволық сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинарды Телерадиокешені Құжаттамалық қамтамсыз ету және бақылау бөлімінің бастығы Е.Б. Сыздықов алғы сөзбен ашып, өз сөзінде Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуының маңыздылығын атап өтті.

Архив қорын қалыптастыру қызметінің жетекші сарапшысы А.А. Ермағамбетова және архивист Ж.Н. Таукебаева дәріскерлер ретінде сөз сөйледі. Олар құжаттауды құжаттау және архивте сақтау, құжаттарды қалыптастыру және ведомстволық сақтауға беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы айтты. Құжаттардың құндылығын сараптау, тізімдемелер мен архивтік істерді ресімдеу мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды. Соңында Президент Архивінің қызметкерлері семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.