22.04.2026
Президент Архивінің кітапханасы жаңа басылыммен толықты
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кітапханасы ғалым, полковник Асет Аккузиновтың «Плечом к плечу» атты жаңа монографиясымен толықты. Көпжылдық зерттеудің нәтижесі саналатын бұл еңбекті Архив қорына автордың өзі табыстады.
Президент Архивінің құжаттары негізінде дайындалған еңбекте 1941–1945 жылдардағы соғыста КСРО-ның жеңіске жетуіне Қазақстанның қосқан үлесі жан-жақты ашып көрсетілген. Қорғаныс кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруі, қазақстандықтардың еңбек ерлігі және республиканың майданның негізгі арсеналдарының біріне айналуы архив материалдары арқылы нақты деректермен айқындалған.
Кітап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен әзірленіп, жарық көрді. Еңбек тарихшыларға, әскери тарих саласының мамандарына, зерттеуші-ғалымдарға, сондай-ақ ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.