25.12.2023

Президент Архивінде ардагер архившілерге құрмет көрсетілді

Бүгін 22 желтоқсан – Архивші күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві сала ардагерлерін арнайы шақырып, мерекемен құттықтады. Олардың қатарында ұзақ жылдар Президент Архивінде қызмет істеп, еңбегі сіңген Г.А Карпыкова, В.М. Чупров, Т.Е. Абилова, Е.М. Грибанова, Р.С. З.А.Хашимбаева, Р.С. Ерошкина, К.З. Ибрагимова, Б.Р. Иманбаева, С.С. Кенжебекова, Ж.М. Мажитова, К.А. Медуханова, Р.И. Мингистинова, Г.Н. Мурзагалиева, Қ.С. Мұрзанов, Н.Ю. Новикова, Р.У. Оңғарбекова, В.Е. Печерских, Г.Б. Рахманова, Р.И. Самарина, Д.А. Сүйінішев, Ш.О. Төлеуова, Н.И. Химченко бар. Салтанатты жиынды ҚР Президент Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина ашып, ардагер архившілерді және әріптестер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ 2023 жылы Архив тарапынан ұйымдастырылған шаралар мен жұмыстардың нәтижесі арнайы бейнероликте көрсетілді. Шара барысында еліміздегі архив ісінің дамуына елеулі үлес қосқан Архив қызметкері Б.Ә. Қасеновке «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Зейнеткерлер Б.Т. Хамраева, Ж.М. Мажитова және Архив қызметкері А.Ә. Сейсенбаева «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Кездесудің құрметті қонақтары Архивте қызмет еткен жылдардағы естеліктерін айтып, әріптестеріне тілек-ниеттерін жеткізді.