27.08.2024
Президент Архиві қызметкерлерінің Түркияға іс-сапары
2024 жылдың 26 тамыз күні Архив директоры Ә.Қ. Мұстафина бастаған делегация Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл іс-сапар заманауи құрылғылармен жұмыс жасау, құжаттарды реставрациялау бойынша әріптестеріміздің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Делегация мүшелері Ыстанбұл қаласындағы Осман Архивтерінің басшысы Джеват Экиджи (Cevat Ikici) мырзамен кездесті. Кездесу барысында екі тарап әр архивтің жұмысы туралы, сақталған құжаттар туралы мәліметтермен ақпарат алмасты.
Кездесуде түрік әріптестермен бірлескен жобалар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қазақстандық делегация архив базасымен, реставрациялау, сандық форматқа көшіру, оқу залы және қойма жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар кездесуге Қазақстан Республикасы Ыстанбұл қаласы Бас консулдығының өкілі А. Ешанкулов қатысты. Ол екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы бірлескен тарихи-құжаттық көрмесін ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.