22.04.2026

Президент Архиві мен Еуразия Ұлттық университеті ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде Архивінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің деканы Өмірбай Бекмағамбетов пен Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Құралай Сейітқазинамен кездесу өтті. Онда Архив пен Университет арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесуде тарих мамандығында білім алып жүрген студенттердің Президент Архивінде өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Бұл тәжірибе студенттерге архив құжаттарымен тек зерттеуші ретінде ғана емес, архив қызметкері ретінде де жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Факультет басшылығы Архивтің оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуына, сондай-ақ тарих, деректану, құжаттану, архивтану және информатика тоғысындағы пәнаралық зерттеулердің өзекті тақырыптарын бірлесіп қалыптастыруға қызығушылық танытты.

Кездесу аясында қонақтар құжаттарды қалпына келтіру және цифрландыру барысымен танысып, Архивтің көрме және оқу залдарын аралап көрді.