28.11.2025
Президент Архиві Душанбе қаласында өткен халықаралық форумда баяндама жасады
2025 жылғы 27 қарашада Душанбе қаласында Ресей-Тәжік славян университетінде Мирзо Турсунзаде атындағы алғашқы халықаралық ғылыми-сараптамалық форум өтті.
Жиынға Ресей, Тәжікстан, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің ғалымдары, сарапшылары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Шарада өзара ынтымақтастық, тарихи жадыны сақтау және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
Форумға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сарапшысы Г.Е. Шаукентаева қатысты. Ол Ұлы Отан соғысында жеңістің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстелде Қазақстанның тылдағы үлесі туралы баяндама жасады. Баяндама Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қорында сақталған құжаттар негізінде дайындалды.