22.07.2024

Мектеп оқушыларына арналған «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» атты III конкурсы

Байқаудың мақсаты – жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуы, олардың тарихты оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық тарихқа қатысты, туған жер, отбасы туралы деректі дереккөздерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады. Байқау – ұлттық бірегейлікті, өз елінің өткен тарихын, оның ерлік парақтарына жастардың қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру аясында Архивтің жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздарымен оқушыларының өзара әрекеттесуіне бағытталған мәдени-танымдық жоба. Сонымен қатар, жастардың шығармашылық байқауларын, шеберлік сыныптарды ұйымдастыру арқылы ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындау және архивтік құжаттармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

2022 жылдан бастап жыл сайын Алматы қ. Білім басқармасының қолдауымен «Дарын» Республикалық Ғылыми-зерттеу орталығымен бірлестікте «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» конкурсы өткізіліп келеді. Биылғы жылғы Конкурста жалпы білім беретін мекемелердің 8–11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурстың шарттары туралы қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің https://archive.president.kz/ru/konkursy/ сайтында орналастырылған. Жұмыстар 2024 жылдың 10 тамызына дейін umc.aprk@gmail.com электрондық поштасына қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың қазан айында Қазақстан Архившілерінің қатысуымен ІІ халықаралық Конгресі шеңберінде өтеді. Анықтама үшін телефондар: +7 (727) 264 69 07, 264 38 18, +7 (717) 274 04 45.