15.11.2023

Ұлттық валюта – Тәуелсіздіктің тұғыры

ҚР Президентінің Архиві Нархоз университеті және Алматы қаласының музейімен бірлесіп ұлттық валюта – теңгенің енгізілуінің 30 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Шара аясында ҚР Президентінің Архиві мен Алматы қаласының музейі «Ұлттық валюта – Тәуелсіздіктің тұғыры» тарихи-құжаттық көрмесін ұсынды. Көрмедегі құжаттар, фотосуреттер мен экспонаттар елдегі қаржы-кредит саясатын қалыптастыру, экономикалық тәуелсіздіктің негіздерін құру, сондай-ақ ұлттық валютаны енгізудің негізгі кезеңдерінің мазмұнына сипаттама береді.

Іс-шарада Нархоз университетінің басқарма төрағасы Мирас Мұхтарұлы Дәуленов, ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Жәмилә Үсіпжанқызы Әбдіқадырова, Нархоз Университетінің Экономика және менеджмент мектебінің профессоры э.ғ.д., Ұзан Молдашұлы Ысқақов, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры Талғат Есеналиұлы Сәрсенбаев сөз сөйледі. Көрмедегі архивтік құжаттар және музей экспонаттарымен оқытушылар, студенттер мен оқушылар танысты.