12.03.2025

Әлия Мұстафина Comma халықаралық журналының редакциялық алқа құрамына кірді

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина Халықаралық архивтер кеңесі (ICA) шығаратын Comma журналының редакциялық алқасының мүшесі болды. Әлия Құсайынқызының тағайындалуы туралы журналдың бас редакторы Форгет Чатерера-Замбуко ресми хатта хабарлады. «Сіздің тәжірибеңіз бен ісіңізге деген адалдығыңыз редакциялық алқаның құнды мүшесі болуға мүмкіндік береді. Біз сіздің журнал жұмысына қатысуыңыз оның ғылыми зерттеулері мен инновациялық жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп жазылған хатта.

Журналының редакциялық алқа құрамына қосылу Әлия Мұстафинаға ұсынылған мақалаларды рецензиялауға және сараптамалық бағалау жасауға, жарияланымдардың контексті бойынша кеңес беруге және олардың соңғы нұсқаларын бекітуге, Comma журналын ICA конференцияларында және ұйымның аймақтық бөлімшелерімен бірлесіп таныстыруға, редакциялық алқа мүшелерін іріктеуге қатысуға, сондай-ақ редакциялық нұсқаулықты әзірлеуге үлес қосып, сонымен қатар редакциялық алқа мәжілістеріне қатысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, мұндай ынтымақтастық тек журналдың дамуына ғана емес, Қазақстанның Халықаралық архивтік қауымдастықтағы орнын нығайтуға да ықпал етеді. Қазақстандық архившілердің халықаралық жобаларға қатысуы тәжірибе алмасуға және отандық архив ісіне озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етіп, ұлттық тарихи-деректік мұраны сақтау мен насихаттауға оң әсерін тигізеді. Оның өкілеттігі төрт жылға созылады.