06.04.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің диплом алды практикасы

2023 жылғы 27 наурыздан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету мамандығының 4 курс студенттері ҚР Президенті Архивінде диплом алды практикасынан өтіп жатыр.

Студенттер оқу залының жұмыс ережесімен танысты. Архивтің құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметінің басшысы Б. А. Қасенов Оқу залының жұмыс режимі мен зерттеушілерге архивтік құжаттарды ұсынудың шарттары туралы айтып берді. Сондай-ақ ол диплом жазу үшін таңдаған тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарына Архивтің қызметкерлері тарапынан көмек берілетінін айтып өтті.